Тіпті жаңа туған бұзаулар да сусыз өсе алмайды. Әсіресе қыста бұл үлкен мәселеге айналады.

Өмірдің алғашқы күндерінде бұзаулар ылғалдануды, денсаулықты сақтау, стартерлік жемді тұтыну, месқарынның дамуы мен өсуі үшін қосымша суды қажет етеді. Тек сүтпен немесе сүт алмастырғышпен тамақтандыру жеткіліксіз. Месқарынның тез дамуы үшін әрқашан таза судың бөлек көзін қажет етеді.

Бірақ бұзауларды төмен температурада сумен қамтамасыз ету қиын. Аяз кезінде сумен қамтамасыз етуді тоқтату мәселенің дұрыс шешімі болмайды. Американдық зерттеушілер енді шелектен емес, емізік бөтелкесінен су беруді ұсынады.

5 апталық қысқы зерттеу барысында бұзаулар шелекпен су берілгенде 0,2 литр, ал бөтелкелерден күніне орта есеппен 1,4 литр су ішті. Емшектен шығарғанға дейін бастапқы жемді тұтынудағы айырмашылық шамалы болды. Бірақ бөтелкеден ішкендер емшектен шығарғаннан кейін әлдеқайда жақсы дамыды.

Осыған сүйене отырып, Рrovimi компаниясының бұзаулыр бойынша сарапшысы Тана Денис суық күндерге байланысты келесі кеңес береді:

«Емізік бөтелкесі арқылы жылы су беріңіз. Сүт бергеннен кейін 15-20 минуттан соң су беріңіздер. Егер осылайша жануарлар күніне кемінде 2 литр су ішсе, олар күн сайын қосымша 250 — 500 г күнделікті стартерлік жемді қорыта алады. Бұл жануарлардың өсуіне жақсы бастама болады».

Уве Веддиге

Фото: Dairy Herd