Жаңалықтар
Барлық жаңалықтардағы түйінді сөздер негізінде толық мәтін бойынша іздеу үшін оң жақ қатардағы іздеу функциясын пайдаланыңыздар.
Сиырлар құрғақ төсенішті жақсы көреді
Мал қорада ұсталатын сиырларда жайылымдағы сиырларға қарағанда ұстау жағдайына байланысты маститтің даму қаупі жоғары болады. Бұл ретте төсеніш материалдары қоршаған орта арқылы жұғатын патогендердің негізгі көзі болып табылады. Сондықтан инфекция қаупін азайту үшін бокстағы төсеніштің құрғақ және бактериологиялық тұрғыда қауіпсіз болуы маңызды. [...]
Биоқауіпсіздікті сақтау
Биоқауіпсіздік популяциялар, табындар немесе жануарлар топтары арасында осы уақытқа дейін кездеспеген аурулардың алдын алуға, сондай-ақ аурудың табын ішінде таралуын шектеуге бағытталуы тиіс. Мақсаты — ірі қара мал табындарына ауру тудыратын микроорганизмдердің енуіне және инфекцияның ауру жануарлар арқылы таралуына жол бермеу. Биоқауіпсіздік шараларының [...]
Мастит: сүт сынамаларын дұрыс алу
Желіннің қабынуы жиі пайда болып, көбінесе осымен бір мезгілде резервуардағы сүттегі самтикалық жасушалар мөлшері жоғарылайды. Нақты диагностика процеске қандай қоздырғыштар қатысатынын және емдеуді қалай жүргізуге болатынын анықтауға мүмкіндік береді. Лабораториялық талдауды, әсіресе соматикалық жасушалар саны көбейгенде, желін қабынғандаа немесе емнің нәтижесі болмаған [...]
Сауу процесін үнемі бақылап тұрыңыздар
Сауу барысындағы ұқыпсыздық желін саулығына кері әсер етіп, сүттің сапасы мен өнімділігін төмендетеді. Сиырлардың жүріс-тұрысындағы өзгерістер, сауыншылардың қателіктері және сауу техникасының жұмысындағы ауытқулар көбіне байқалмай қалады. Бұл өнімділіктің төмендеуіне әкеледі. Сондықтан төмендегі факторларды үнемі мұқият бақылау қажет: Сауын залындағы сиырлардың мазасыздануы белгілі [...]
Сүтті мал: қорадағы қараторғайлар
Қараторғайлар сүтті сиырлардың азығын жегенді ұнатады және рациондағы жүгеріні теріп жеп қояды, бұл энергия тапшылығына әкелуі мүмкін. Сонымен қатар құстар азықты нәжістерімен немесе қауырсындарымен ластайды. Шу деңгейінің жоғарылауы да сиырлар үшін стресс факторы болуы мүмкін. Линнеа Шрёдер өзінің магистрлік жұмысында қараторғай көп [...]
EuroTier 2026
Негізгі тақырып: Тиімді, тұрақты және жануарларға қолайлы мал шаруашылығына арналған интеллектуалды технологиялар 2026 жылғы 10–13 қараша аралығында Ганновер қаласында өтетін кәсіби мал шаруашылығы мен мал шаруашылығын басқаруға арналған әлемдік жетекші көрмеде сіз ақылды шешімдердің саланың болашағын қалай қалыптастырып жатқанын тәжірибелік, жаһандық және [...]





