Сүрлем қоймасын жақсылап дайындау жүгері сүрлемінің сапасына айтарлықтай әсер етеді. Дайындықтың мақсаты — өнімді тез қабылдап, оны оңтайлы тығыздау және ауа кірмейтіндей жабу.
Сүрлемге салынатын жүгері көбінесе бірнеше күн ішінде тез жиналады, сондықтан жем-шөп қоймасы (траншея) жоспарланған егін жинау күнінен бір апта бұрын кешіктірілмей толық дайын болуы керек. Ауа райының өзгеруі астық жинау жоспарына әсер етуі мүмкін. Алдын ала дайындалсаңыз, сапаны жоғалтпай, әдетте қысқа болатын жинау кезеңін тиімді пайдалана аласыз.
Жүгеріні сүрлемге жинауға дайындау бойынша тексеру тізімі
- Сүрлем траншеясын толық босату және тазалау. Ескі азық қалдықтарын алып тастау. Қабырғаларды, еденді және кіреберіс жолдарды тазалау. Траншеяның, қабырғалары мен траншея еденінің зақымдалған жерлерін жөндеу. Дренаждық науаларды және сүрлем шырынын бұру жүйесін тексеру.
- Траншеяның ауданы мен салынатын өнім көлемін сәйкестендіріп жобалау. Жиналатын жүгері өнімін есептеу. Траншеяның көлемі жеткілікті болуын қамтамасыз ету. Траншеяның биіктігі мен шығарып алу жылдамдығын азықты алу кезеңінде қайта қызу қаупін болдырмайтын етіп жобалау.
- Полиэтилен үлбірі мен жабу материалын дайындап алу. Егін жинау басталмай тұрып: сүрлем пленкасы, қорғаныс торлары, құм салынған қаптар, шиналар немесе ауырлату шлангілері, жөндеу скотчы дайн тұруы керек. Сүрлем салынып болғаннан кейін бірден ұстін ауа кірмейтіндей етіп жабу сүрлемнің сапасы үшін өте маңызды.
- Техниканы тексеру. Тексерілетін техника: доңғалақты тиегіштер, тракторлар, дөңбектер, жүгері ұнтақтағыштар (оның ішінде жүгері ұнтақтағышына арналған өткір пышақтар, сондай-ақ «Corn Cracker»), көлік құралдарының жеткілікті саны, түнгі жұмыс үшін жарықтандыру, радиобайланыс және байланыс құралдары. Егін жинау кезінде техникалық ақауларға байланысты ұзақ үзілістер болмауын қамтамасыз етіңіздер.
- Дұрыстап нығыздау. Сүрлемнің жақсылап тығыздалуы оның ішіндегі оттегінің мөлшерін азайтады және ферментация сапасын жақсартады. Маңызды сәттер: дөңбектердің салмағы едәуір ауыр болғанын қамтамасыз ету. Тығыздалынатын қабат жұқа болғаны дүрыс (шамамен 15-30 см). Үздіксіз нығыздау керек. Әсіресе жиектер мен шетіндегі учаскелерді көбірек тығыздау.
- Егін жинауды ұйымдастыру. Жинау жұмыстарын бастамас бұрын: учаскелерді өңдеу тәртібін, тасымалдау тізбегін, жауапкершілік шеңберін, жұмыс уақыты мен үзілістерін, қауіпсіздік ережелерін нақтылап алу керек.
- Сүрлем қоспаларын дайындау (егер олар пайдаланылатын болса). Тиісті биологиялық немесе химиялық сүрлемдік қоспаларды дер кезінде сатып алу. Мөлшерлегіш құралын калибрлеу. Жұмысшыларға алдын-ала нұсқау беру.
- Қауіпсіздік шаралары. Траншеяның биік қабырғаларынан құлап кетуден қорғайтын құралдар орнату. Жарықты тексеру. Тайғақ жерлердің болмауын қамтамасыз ету.
- Егін жиналар алдында. Жүгерінің пісу деңгейін үнемі тексеріп отырыңыз. Жоғары сапалы сүрлемдік жүгері өнімін алу үшін, әдетте, жалпы өсімдіктің құрғақ зат мөлшерін шамамен 32-38% деңгейіне жеткізуге тырысады.
Толығырақ техникалық ақпаратты KFM жобасының сайтынан, мысалы, нұсқаулықтар сериясынан, «Сапалы сүрлем өндіру — егістіктен оттыққа дейін» атты 15-ші модулінен, сондай-ақ KFM жобасының көптеген ақпараттық бюллетеньдерінен таба аласыздар.
Эккехард Шрёдер
Фото: KFM