Өнімділігі жоғары сиырлар үшін «жылына 2 рет тұяқ өндеу жұмыстарын өткізу» жөніндегі жалпы ұсыныс көбіне жеткіліксіз болады. Нақты қажеттілік сиырлардың өнімділігіне, күтіп-бағу жүйесіне, жүріп өтетін жолдарының ұзындығына, еден жабынының жай-күйіне және табындағы тұяқ саулығына байланысты. Өнімділігі жоғары сиырлар үшін тұяқ күтімі – жай ғана профилактикалық шара емес, сонымен қатар табынның өнімділігін, өсімталдығын және денсаулығын тиімді басқарудың маңызды құрамдас бөлігі. Тіпті ақсақ сиырлардың аз ғана үлесінің өзі шаруашылықтың экономикалық тиімділігіне айтарлықтай кері әсер етуі мүмкін.

Тәжірибелік ұсыныстар:

  • Барлық сауын сиырлардың тұяғын жылына кемінде 2 рет функционалдық мақсатта кесу;
  • Өнімділігі жоғары табындарда жылына 2–3 рет тұяқты тексеру немесе өңдеу;
  • Ақсақ немесе тұяғында ақауы бар сиырларға қосымша күтім жұмыстарын жүргізу. Мұндай жануарларды бүкіл табынның кезекті тұяқ кесуіне қалдырмай, дереу тексеріп, емдеу қажет.

Тұяқ күтімінің уақтылы әрі дұрыс жүргізілмеуі немесе мүлде жүргізілмеуі – сауын сиыр табындарындағы ақсақтықтың және соған байланысты экономикалық шығындардың ең жиі кездесетін себептерінің бірі.

2026 жылғы 6–14 тамыз аралығында KFM жобасы Ақмола, Түркістан және Қостанай облыстарында тұяқ күтімі мамандарына арналған екі күндік практикалық біліктілікті арттыру курстарын тағы да өткізеді. KFM жобасы аясында дайындалған сауын сиырлардың тұяқтарын күту бойынша кейбір оқу бейнероликтерін және жаднамаларын  KFM жобасының YouTube арнасынан және сайтынан табуға болады.

Эккехард Шрёдер

Фото: KFM