“Қазақстанда сүт өндірісінің тиімділігін қалай арттыруға болады?” Бұл мәселені Лейпцигттен келген неміс сарапшысы д-р Франк Везенбергпен (IAK Agrar Consulting GmbH) Аграрлық несие корпорациясының (АКК) басшылары, кеңесшілері, директорлары және жетекшілері талқылады.
Алдымен д-р Везенберг мал шаруашылығы кешендерін салу және қайта жаңарту қаржыландырудың маңызды негізі болып келетінін айтты. Ғимараттар мен техникалық жарақтандыруға қажетті шығыстар өте сирек жағдайларда иесінің өз қаражаты есебінен ғана қаржыландырылуы мүмкін, көптеген жағдайларда банктік қаржыландыру қажет. Неғұрлым ірі инвестицияларды дайындау әрқашан терең талдаудан және мақсатты тұжырымдаудан басталады, сондай-ақ қаржыландырудың ықтимал мүмкіндіктерін алдын ала нақтылау қажет. Алайда, инвестицияларды жоспарлау басталғанға дейін әрбір фермер сүт өндірісінің беліленген шекті шарттарымен жұмыс істейді. Сүттің базалық бағасының дамуы шешім қабылдаудың маңызды факторларының бірі болып табылады, бірақ бұл ретте ауыл шаруашылығы саясатының негізгі қағидаттарын де ескеру қажет.
Қазақстандық қатысушылар Еуропа Одағындағы негізінен инвестицияларды қолдау және жер көлеміне байланысты берілетін субсидияларды қамтитын субсидиялау жүйесіне қызығушылығын білдірді. Ал Қазақстанда субсидиялар көбінесе өнімнің көлеміне қарай белгіленеді, сонымен қатар инвестицияларды қолдауға да арналады.
Жобада 15 пилоттық фермалардың басым бөлігі инвестиция жасағысы келеді. Жоба сарапшылары пилоттық фермаларға қарқынды кеңес беруі үшін фермалар талдау және салыстыру жұмыстарын жүргізуге қажет болатын өзінің биологиялық және қаржылық көрсеткіштерін ұсынуға дайын болуы тиіс. Бастапқыда шаруашылықтарда деректерді жинау топтың қолдауымен жүргізілетін болады, бұл ретте жалпы көрсеткіштер жылына бір рет тапсырылады, кейінгі деректер ай сайын жиналады және талқыланады.
Кездесудің соңында доктор Франк Везенберг өзінің сапары кезінде қазақстандық жағдайларға бейімдеген, фермаларда тәжірибе жүзінде сынақтан өткізген сараптамалық бағдарламасын ұсынды. Жоба шеңберінде АКК консультанттары сүт өндірісіне инвестицияларды сүйемелдеу үшін олардың консалтингтік құзыретін жетілдіру мақсатында өндірістік-экономикалық көрсеткіштерді бағалауды және талдауды үйренуі тиіс.
Фото: KFM