Сүт өндірісі саласында жаңа қора салу немесе сиыр қорасын қайта салу алдында «ерекше қажеттіліктері» бар сиырларға арналған аймақтарды алдын ала мұқият жоспарлау қажет.
Әрбір сауын сиыр үшін суалту кезеңі – ол қалпына келу уақыты. Бұл «демалыс кезеңі» келесі лактациядағы өнімділікке тікелей әсер етеді. Сондықтан сиырлардың еркін жатып-демалуына, жем-шөпті жеткілікті мөлшерде тұтынуына жеткілікті әрі қолайлы орындар қарастырылып, сонымен қатар оңтайлы жарықтандыру мен қолайлы микроклимат қамтамасыз етілуі тиіс.
Жоспарлау кезінде назар аударатын сұрақтар:
- Қанша орын қарастыру керек?
- Бұзаулауға дейінгі және бұзаулағаннан кейінгі кезеңдерді қалай басқару қажет?
- Транзит кезеңде сиырларды қалай күтіп-бағу керек?
- Сиыр жатып-тұратын орынның өлшемдері қандай болуы тиіс?
Тиімді басқару үшін қора ішінде бейімделуі оңай болатын арнайы аймақтарды алдын ала жоспарлаған жөн. Әдетте транзиттік кезеңдегі табын келесі топтарға бөлінеді:
- суалу кезеңінің бастапқы тобы (суалтқаннан бастап бұзаулауға үш апта қалғанға дейін);
- дайындық тобы I (төлдеуге соңғы үш апта қалғанда);
- дайындық тобы II (құнажындар, төлдер алдында соңғы үш апта);
- бұзаулайтын топ;
- жаңа бұзаулаған сиырлар;
- ауру сиырлар.
Төлдер алдында және одан кейінгі бірнеше апта ішінде сиырларға көбірек демалу және жеткілікті азық тұтыну мүмкіндігі берілуі тиіс. Осы себепті бұл топтардағы малдарға арналған орын көлемі сауын сиырларға қарағанда өзгеше әрі кеңірек жоспарланады.
Транзиттік аймақты жобалау туралы қосымша ақпаратты KFM-ның «Орын қажеттілігін есептеу» атты тегін жадынамасынан табуға болады.
Уве Веддиге
Фото: Уве Веддиге