Азық араластырғыштың гигиенасы дұрыс болмаған жағдайда, ең сапалы жем-шөптің өзі құндылығын жоғалтуы мүмкін. Сондықтан ұсынылатын араластыру уақытын сақтау, толып кетпеуін бақылау және техникалық қызмет көрсетуді жүйелі түрде жүргізу ғана емес, жабдықтың тазалығын да қадағалау маңызды.
Күнделікті пайдаланғандықтан техника ластанып тозып кетеді. Дәл осы себепті жем-шөп араластырғышты үнемі және мұқият тексеріп тұру қажет.
- Пышақтары қаншалықты өткір? Өтпейтін пышақтар жанармай шығынының көбейтеді және шнектің тез тозуына әкеледі.
- Таразы дұрыс және дәл өлшейді ме? Мұны тексеру үшін араластырғыштың шетіне, мысалы, салмағы 25 кг қапты қоюға болады, ауытқу 10% — дан аспауы керек.
- Араластырғыш дұрыс толтырыла ма? Сапалы араластыру үшін жем шнек үстін толық жабуы тиіс. Шамадан тыс толтырмау керек, әйтпесе рацион компоненттері біркелкі болып араластырылмайды.
- Магниттерді үнемі тазалап, металл зат арқылы жұмысқа жарамдылығын тексеріп отыру қажет аз болса, оны толтыру қажет. Сондай-ақ, майды уақытында ауыстыру қажет.
- Шиналардағы қысым нормативке сай ма? Өндірушінің ұсынған көрсеткіштеріне жүгініңіз.
Сауу жабдықтары сияқты, жем-шөп араластырғыш күнделікті қолданылады. Сондықтан оны жүйелі түрде тазалап, тексеріп тұру қажет. Кемінде әр төрт аптада бір рет тазалап тұру керек. Сонымен қатар, КФМ жобасының «Жем араластырғышқа техниқалық қызмет көрсету» бақылау тізімі мен «Жем араластырғышты дұрыс толтыру» жадынамасын оқыңыздар.
Уве Веддиге
Фото © KFM: Шамадан тыс толтырcа қоспа дұрыс арасытырылмайды!