“Қазақстанда кәсіпорындардың сүт өндірісін тұрақты дамыту саласындағы біліктілігін арттыру (қысқартылған: “Сүт өндіру саласындағы біліктілікті арттыру)” жобасы табысты басталды. Бастапқыда жоба 3 жылға жоспарланып отыр және оны Федералдық азық- түлік және ауыл шаруашылығы министрлігі (BMEL) қаржыландырады.
Жоба шеңберінде алғашында Қазақстанның солтүстігіндегі қазақстандық серіктестермен бірге өндірістік технологиялар саласындағы қарқынды өнеркәсіпп экономикасы мен өндірістік технологиялар бойынша кеңес беру үшін 15-ке жуық сүт фермасы (пилоттық фермалар) іріктелетін болады. Негізгі назар өзінің сүт мал шаруашылығының кеңейтіп, сапасын жақсартқысы келетін немесе сүт өндірумен айналысқысы келетін шағын және орта сүт фермаларына аударылады.
Пилоттық шаруашылықтармен қарқынды консультациялық жұмыс нәтижесінде және осыған байланысты өндірістік жүйелерді оңтайландыру нәтижесінде алынған тәжірибе серіктес ұйымдардың кеңесберу дағдыларын нығайту және сүтті мал шаруашылығын жаңғырту үшін инвестициялар тартудың тиімділігін арттыру үшін жобалық жұмыста үнемі пайдаланылады. Осылайша, жоба, атап айтқанда, 2018-2027 жылдар аралығына жоспарланған сүт мал шаруашылығын қолдау мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруды қолдайды.
Осы жобаны іске асыру ADT Projekt Consulting GmbH (жетекші серіктес) және оның серіктесі IAK Agrar Consulting GmbH компаниясынан құрылған консорциумге тапсырылған. Қазақстан тарапынан Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрлігі, мал шаруашылығы департаменті (саяси серіктес), сондай-ақ Нұр-Сұлтандағы Мал шаруашылығыныңі ғылыми-инновациялық орталығы мен Аграрлық несие корпорациясы институционалдық серіктес-мамандар ретінде негізгі серіктестер болып табылады.
Фото: KFM