Ондаған жылдар бойы қолданылып келген 305 күндік лактация және 60 күндік суалу кезеңі қағидасы бүгінгі күні де өз өзектілігін сақтай ма?
Нидерландтағы Вагенинген университеті мен ғылыми-зерттеу орталығының және Даниядағы Орхус университетінің зерттеушілері осы мәселеге балама жолдарды қарастырды. Төменде зерттеу нәтижелерінің қысқаша мазмұны ұсынылады.
Бұзаулау аралығы ұзарған жағдайда келесі артықшылықтар байқалады:
- Лактация кезеңінің ұзаруы сиыр өміріндегі өтпелі кезеңдердің, яғни денсаулық үшін ең қауіпті кезеңдердің қысқаруына ықпал етеді.
- Туылған бұзаулар санының азаюын бір жынысты шәуетті пайдалану және геномдық селекция әдістері арқылы өтеуге болады.
- Ұрықтандыру алдындағы ерікті күту кезеңін ұзарту сиырдың көбею қабілетін жақсартуы мүмкін, себебі бұл уақыт аралығында оң энергетикалық тепе-теңдік қалпына келеді.
- Лактация мерзімінің ұзаруы суалу кезеңіне, төлдеуге және ауруларды емдеуге байланысты жұмыс көлемін азайтады.
Екінші жағынан, лактацияның неғұрлым ұзақ мерзімдері жағымсыз салдарға да әкелуі мүмкін:
- Әсіресе, лактацияның соңғы кезеңінде семіру қаупі бар. Бұл бұзаулағаннан кейін денсаулық пен көбею қабілеттілігігің нашарлауына әкелуі мүмкін.
- Егер лактацияның ұзағырақ кезеңіне бірінші кезекте жоғары өнімді сиырларды таңдалса, онда дәл осы жануарлар аз ұрпақ береді. Ұзақ мерзімді перспективада бұл бүкіл табынның генетикалық прогрессіне әсер етуі мүмкін.
Екі зерттеуде де алғаш рет төлдеген сиырлардың төзімділігі ересек сиырларға қарағанда жоғары екені анықталды. Осыған байланысты лактация мерзімін ұзарту сүт өнімділігі мен экономикалық тиімділік тұрғысынан, әсіресе алғаш сүт беретін сиырлар үшін анағұрлым тиімді болып көрінеді.
Дегенмен, лактация кезеңін ұзарту белгілі бір мүмкіндіктермен қатар тәуекелдермен де байланысты. Оған көптеген факторлар әсер етеді, ал ықтимал салдары туралы деректер, әсіресе кейінгі лактациялар бойынша, әзірге жеткіліксіз. Болашақ зерттеулер нәтижесінде бұл мәселе жөнінде нақты әрі әмбебап ұсынымдар әзірленуі мүмкін.
Уве Веддиге
Фото © KFM