Бірлескен жобаның басталуына байланысты кеңесте қазақстандық серіктестердің, атап айтқанда Мал шаруашылығының ғылыми-инновациялық орталығы (МШ ҒИО) мен Аграрлық несие корпорациясының (АНК) өкілдері Нұр-сұлтан қаласында Германияның жауапты тұлғаларымен және жоба ұжымымен кездесті. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінен (АШМ) Еркебұлан Ахметов пен Республикалық сүтті және аралас ірі қара мал тұқымдарының палатасынан Руслан Бекішев және Кәрімов Қанат қатысты.
Жоба жетекшісі Уве Веддиге және оның орынбасары Айнагүл Аяганова жобаның мақсаттарын, күтілетін нәтижелер мен жобаны іске асыру тұжырымдамасын таныстырды. Басты назар Ақмола, Павлодар, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы болашақ пилоттық шаруашылықтарға бөлінді. Сүт өндірісін оңтайландыруға немесе кеңейтуге ниетті 50 – 400 сүт сиыры бар фермалар іріктелетін болады.
Торғын Нұрсейіт (АКК), Болат Сейсенов (жив ҒИО), сондай-ақ Бекішев Руслан (сүт тұқымдары палатасы) қолайлы шаруашылықтарды іріктеуге және тиісті тізімдерді жасауға қолдау көрсетуге уәде берді. Сонымен қатар, қысқамерзімді неміс сарапшысы Мари Кюнстлинг 2019 жылдың қараша айының ортасында жобаны облыстық және аудандық әкімшілік деңгейінде таныстырып, төрт әлеуетті аймақта ілгерілетеді.
Алынған “ұзын тізім” негізінде жоба ұжымы жобаға қатысушылардан тұратын жұмыс тобының көмегімен 15 пилоттық ферма анықтайды. Бұл органның төрағасы Еркебұлан Ахметов (АШМ) болады.
Желтоқсанның бірінші аптасында Берлинде консалтингтік фирмалармен, Ауылшаруашылық ренталық банк, фермерлік шаруашылықтар және Федералдық азық-түлік және ауыл шаруашылығы министрлігімен кездесу мақсатында Германияға мамандандырылған ақпараттық сапар жоспарланған.
Фото: KFM