Ірі қара малдың сүт және аралас тұқымдарының Республикалық палатасы мен “Сүт өндіру саласындағы біліктілікті арттыру” жобасы арасындағы бірінші кездесуде Палатаның атқарушы директоры Елемесов Көпмағамбет Елемесұлы мен менеджері Руслан Бекішев жоба өкілдері Айнагүл Аяганова және Уве Веддигемен жобаның мақсаты мен ағымдағы жағдайын, сондай-ақ ағымдағы жылдың іс-шараларын талқылады.
Руслан Бекишев біліктілікті арттыру үшін мамандарға арналған жүйелі ақпараттық сапарлардың маңыздылығын атап өтті:”Тек ферманы өз көзіңізбен көріп, сіз ол жерде жұмыс қалай орындалатынын және мал үшін қаншама жұмыс атқарылатының түсіне аласыз”. Мал шаруашылығы жөніндегі сарапшы өзіне сапар кезінде көрген Гессендегі күрделі басқару мен заманауи технологиялар арқылы көптеген жұмыс процестерін автоматтандыра алған ферма ерекше ұнағанын айтты.
Елемесов Көпмағамбет Елемесұлының пікірі бойынша қазақстандық фермерлерге өндіріс туралы білім жетіспейді. Түйе және қой шаруашылығына қарағанда Қазақстанның сүт мал шаруашылығында тәжірибесі аз, алғашқы сүт кешендері тек 1990 жылдары ғана пайда болған. “Сүт сауымы өте баяу өсуде, алайда бұл секторға инвестиция көп құйылады”, – деп жалғастырды атқарушы директор. Оның айтуынша, сүт өндіру үшін ең үлкен кедергі тек өндірістік білімның жетіспеуі ғана емес, сонымен қатар елдің урбанизациясына байланысты кадрлардың жетіспеушілігі, сондай-ақ ферма басшыларының басқарушылық дағдыларының жоқтығы болды.
Веддигенің айтуынша, сүт жобасы кадрлардың жетіспеушілігін толтыра алмайды, бірақ фермалардағы мамандар мен басшылардың біліктілігін арттыру тек сүттің сауымына ғана емес, сонымен қатар тартымды жұмыс орындарын құруға алып келеді. “Дегенмен, фермалар басшылары қызметкерлерді табу, ұстау және тарту үшін көшбасшылық қасиеттерін дамытуы тиіс”, – деп түсіндірді жоба жетекшісі.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстарында мал басының мөлшері 50-ден 400 басқа дейін 15 пилоттық ферма іріктеп алынған соң жоба келесі фазаға енеді. Неміс сарапшылары әр шаруашылық үшін жеке кеңес тұжырымдамасын дайындайды. Бұл әр шаруашылықтың мақсаттары және сонымен байланысты даму стратегиясы бойынша жасалады. Негізгі назар ферманың күшті және әлсіз жақтарын талдаудың кең спектріне бөлінеді. Осы негізде жоба ұжымы тиісті іске асыру кестесі бар іс-шаралар каталогын әзірлейді.
Кеңес беру жұмыстарымен бірге білім беру мен оқытудың қажеттілігін анықтау және тиісті іс-шараларды жоспарлау маңызды. Олар сауу негіздерінен бастап, стандартты операциялық рәсімдер, өндірістің экономикасын талдауға дейін тақырыптарды қамтиды. “Оқу курстары барлық сүт өндірушілер үшін ашық және тегін”, – деді Айнагүл Аяганова.
Техникалық консультанттарды оқытудың және даярлаудың арнайы курстары бойынша ұсыныс жылдың ортасына қарай консультациялық қызмет көрсететін ұжымдардың қажеттіліктерін жан-жақты талдау негізінде әзірленетін болады. Елемесов Көпмағамбет Елемесұлы бұл ақпаратты ризашылықпен қабылдады. “Біздің кеңесшілеріміз әрдайым білім алуға дайын”, – деп ол палатаның ондай шараларға міндетті түрде қатысатынын айтты.
Кездесу соңында палата өкілдері 20 наурызда Айнагүл Аяганова және Уве Веддиге қауымдастықтың жалпы жиналысында “Қазақстанда сүт саласындағы біліктілікті арттыру” атты жобаның мазмұны мен ұсыныстарын таныстырады деп келісті.

Фото: KFM

Суретте: (солдан оңға қарай) Айнагуль Аяганова, Көпмағамбет Елемесұлы Елемесов, Уве Веддиге және Руслан Бекишев.