Желдеткіштер шаң мен ылғалдылықтан ластанады. Егер оларды тазаламаса, ластанған құрылғылардың энергия шығыны тез арта түседі. Энергия шығыны сол қалыпта немесе одан да көп болғанның өзінде де 3 мм шаң құрылғы өнімділігін 30% — ға дейін төмендетуі мүмкін. Сонымен қатар, шаңның жиналуына байланысты қозғалтқыштар тезірек қызып кету қаупі бар, бұл олардың қызмет ету мерзімін қысқартады.

Қалақшалар мен қорғаныс торларын тазалаған кезде желдеткіштерді тоқтан ажыратып қою керек! Бұл құрғақ және дымқыл тазалаудың екеуіне де қатысты.

Жеңіл ластанған жағдайда — егер сиыр қорасындағы желдеткіштер өндірушінің ұсыныстарына сәйкес ай сайын тазаланса, оларды тазалау құрғақ түрде және өте тез және оңай болады! Бұл үшін компрессормен біріктірілген жұмсақ щетка жарайды. Ластануы орташа деңгейде болса, кірді пластикалық қырғышпен қырып, барлық бөлшектерді дымқыл шүберекпен сүртуге болады. Біз желдеткіш қалақшаларын жоғары қысымды тазартқышпен тазалауды ұсынбаймыз, себебі бұл теңгерімсіздікке әкелуі мүмкін, құрылғы бірқалыпты жұмыс істемей қалады және қозғалтқышқа су кіруі мүмкін.

Анығы: желдеткіштерді неғұрлым сирек тазаласаңыз, соғұрлым көп уақыт кетеді. Осы тақырыпқа байланысты  «Осьтік желдеткіштер» атты тегін жадынамамызды қараңыздар.

Уве Веддиге

Фото: Бұл желдеткішті тазалау уақыты келіп калғанына бір талай болды © KFM