Әлем тұрғындарының шамамен 75% — ы лактозаға төзбеушіліктен зардап шегеді. Олардың кейбіреулері сонда да сүт ішкісі келеді және лактозасыз сүт өнімдерін қажет етеді. Бірақ олар қалай жасалады?
Кәдімгі сиыр сүтін лактозасыз сүтке айналдырудың екі әдісі бар:
Біріншісі «ферментативті гидролиз» деп аталады. Бұл жағдайда сүтке лактозаны ыдырататын фермент қосылады, ол лактозаны екі бөлек қантқа бөледі.
Екінші әдісі «жақсы күн әдісі» (тұпнұсқасында «Good-Day-Verfahren») деп аталады. Бұл швейцариялық сүт компаниясы патенттеген технология, онда кәдімгі сиыр сүтінен алдымен барлық лактозаны алып тастайды, содан кейін ол ыдыратылып, ішінара қайтарылады. Нәтижесінде, осы технология арқылы алынған сүттің дәмі басқа лактозасыз сүт өнімдеріне қарағанда онша тәтті болмайды.
Бірақ неге лактозасыз сүт кәдімгі сиыр сүтіне қарағанда тәттірек? Лактоза ыдыраған кезде лактоза дисахариді глюкоза мен галактозаға бөлінеді. Бұл қайшы сияқты әсер ететін және лактозаны қанттың екі түріне бөлетін ферменттің әсерінен болады. Мұндай бөлінуден кейін сүтте қант мөлшері бұрынғыдай қалады, бірақ қанттың жеке компоненттерінің саны екі есе артады.
Swissmilk News жариялаған, өңдеген Уве Веддиге
Фото © Веддиге