Рационды есептеу нақты көрсеткіштерге негізделеді, бірақ сүрлемдегі құрғақ заттың нақты мөлшері үнемі өзгеріп тұрады. Қоршаған ортаның әсерінен де көрсеткіштер өзгереді: жаңбыр кұндері құрғақ заттың мөлшері азаяды, нәтижесінде берілетін азық мөлшері азаяды және онымен бірге сүт өнімі де азаяды. Жоғары температура, керісінше, құрғақ заттың жоғарылануына әкеледі және осы кезде сиырлар берілген азықты көбінесе теріп жейді.
Қолда өзекті нақты көрсеткіштер болған жағдайда ғана құрғақ зат мөлшерін есептік мөлшеріне/нормаға сәйкестендіруге болады. Біз апта сайын өлшеп тұруды ұсынамыз. Бірақ бұл үшін қарапайым және сенімді өлшеу әдісі қажет.
Арнайы жепшөп кептіргіштері мен дәл өлшейтін таразыны қолдану арқылы 30 минут ішінде дәл нәтиже алуға болады.
Сіз TMR-дегі құрғақ зат мөлшері 38-ден 42% — ға дейін болғанын қадағалуыңыз керек. Сонымен қатар азық айтарлықтай кебетінін ескеру қажет, әсіресе жазда, азық бірақ рет берілетін кезде. Бірақ: өте ылғалды азық жоғары температурада өте тез бұзылады. Егер құрғақ зат көрсеткіші тым жоғары болса, су қосуға болады. Азықты теріп жеуін шектеу үшін бір сиырға 6-8 литр су қажет. Алайда, құрғақ зат мөлшері аз рацион нашар желінеді, сиырлар жібіген / дымқыл азықты ұнатпайды!
Табысты фермалар апта сайын рациондағы құрғақ зат мөлшерін тексеріп тұрады. Бұл көрсеткіш белгілі болған кезде ғана араластыру және тарату хаттамаларын реттеуге болады. Біздің «Сауын сиырларды азықтандыру» бақылау тізімін және «Сүтті сиырлардың азық тұтынуын арттыру» атты жаднамамызды оқыңыздар. Біз сіздердің фермаларыңызда жемшөптің кәсіби мониторингін қалай ұйымдастыру керек екенін көрсетуге дайынбыз.
Уве Веддиге
Фото: Бұл екі кептіргіш аса қолайлы. © KFM