Көптеген табындарда бұзаулар бір-бірін емеді, көбінесе бұл желін, ұма, кіндік, ауыз, құлақ немесе құйрық аймақтарына қатысты. Бұзауларды емізіп енесімен бірге ұстау әдісінде ондай әдет кездеспейді.
Бір бірін еметін жануарлар бұл жағдайда ас қорыту жүйесінің бұзылуынан зардап шегеді, ал ему объектісіне айналған бұзаулардың емшек жарақаттары желіннің төрт бөлігінің бірін жоғалтуына әкелуі мүмкін. Мұндай табындарда бір бірін еметін қашарлар мен жас сиырлар да жиі кездеседі. Егер бұзаулар азықтанғаннан кейін бірден бір бірін еме бастаса, бұл олардың тоймағандығын көрсетеді. Емізікті шелекте сұт мөлшері мол болса, оны ішу уақыты ұзақтау болады да, осы жиі кездесетін ауытқу — бір бірін ему — азая бастайды. Сүтке глюкозаны қосу қандағы қант деңгейін жоғарылату және тоқтық сезімін арттыру үшін тиімді екенін дәлелденген. Бір литр азыққа тек 2 грамм глюкоза қосу жеткілікті.
Азықтану уақытынан тыс ему себептері, керісінше, көбінесе бұзауларды ұстау жағдайына байланысты болады. Сіз KFM жобасының «Бұзаулардың бір бірін емуі туралы» тегін жадынамасынан әртүрлі кеңестерді оқи аласыздар. Кейде осылай емудің алдын алу үшін қолданылатын мұрнында арнайы сақиналары бар ересек жануарларды кездестіруге болады. Алайда, көбінесе аса икемді жануарларға мұндай құрылғылар әсер етпей жатады.
Уве Веддиге
Фото: Аш бұзаулар тоқ бұзауларға қарағанда жиірек емеді © KFM