Сауу процесінің жұмыстарын дұрыс орындау маститтің алдын алу және сүт сапасын жақсарту үшін өте маңызды. Жұмыс процестерін рет-ретімен орындамаса, кателік жіберсе, сүт сапасы төмендеп кетеді. Соңғы бес жылда KFM жобасы аясында 260-тан астам маман сауу бойынша практикалық тренингтерден өтті. Маститтің пайда болуына апаратын факторларды және сауу процесінің әрбір жеке кезеңінің маңыздылығын түсіндіруге көп назар аударылды. Тренинг алдында және одан кейін Уве Веддиге жұмыс барысындағы өзгерістерді анықтау үшін сауу бригадаларының жұмысын қадағалады. Желіннің денсаулығы мен сүт сапасы қолда бар мәліметтер негізінде бағаланып тұрды.
Нәтижелер мастит анықтауға байланысты жалпы жағдайдың және сүт сапасының жақсарғанын көрсетеді. Олар сауу процесін, сүт сапасын және желіннің денсаулығын жақсарту үшін сауыншыларды арнайы оқыту маңыздылығын көрсетеді.
Сауыншыларды үйрету олардың сауу процесі барысында жұмыстардың реттілігін сақтауына қатысты білімі мен дағдыларына оң әсер етті. Сауыншылардың сүт сапасын қамтамасыз етудегі негізгі рөлін ескере отырып, KFM командасы тауарлы сүт фермаларын дамыту мақсатында арнайы тренингтер ұсынады.
Тақырыпқа қатысты KFM жобасының «Сауу процесі» атты бақылау тізімін және «Калифорниялық тест» жаднамасын оқыңыздар.
Уве Веддиге
Фото: Сауу бойынша тренинг өткізер алдындағы пікір алмасу © KFM