Қазақстанда сүт өндірісі тұрақты өсуде, онымен бірге білікті мамандарға деген қажеттілік те өсуде. KFM Қазақстан мен Германия арасындағы жоба сүт өндіруші компаниялардың мамандары мен менеджерлеріне арналған түрлі семинарлар мен тренингтер ұсынады. Біз осындай семинарларды өткізетін «мастер-тренерлерді» дайындаймыз, оқимын, үйренемін деген үміткерлерді  қабылдаймыз.

2025 жылдың сәуірінен тамызына дейін жаңа әріптестер сиырларды азықтандыру, тұяқ кесу, ветеринарлық қызмет көрсету, сауу және зертханалық жұмыстарды қоса алғанда, сүт шаруашылығының барлық салаларында ауқымды теориялық және практикалық дайындықтан өтеді.

Оқыту Алматы облысының Талғар ауданындағы «Байсерке» агрофермасында өтеді, онда барлық қажетті жабдықтар мен жатақханасы бар оқу орталығы бар.

Соңғы оқу модулін болашақ мастер-тренерлер Германиядағы ауылшаруашылық оқу-кеңес беру орталығында практикалық дайындық ретінде өтеді.

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

— ауыл шаруашылығы секторында толық білімі және кәсіби тәжірибесі болуы керек;

— ағылшын немесе неміс тілін білу – іріктеуден өтуге көбірек мүмкіндік береді.

Оқуды аяқтағаннан кейін түлектерде Аркабайдағы құзыреттілік орталығында немесе ауылшаруашылық өндірісімен байланысты басқа кәсіпорындарда әртүрлі жұмысқа орналасу мүмкіндіктері бар.

Жоба Президенттің еліміздің агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі тапсырмасы шеңберінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің қолдауымен іске асырылуда.

Уве Веддиге

Фото: Мастер-тренерлер оқу барысында© KFM