Отандық жеке қосалқы шаруашылықтар Қазақстанда сүт өндіруде маңызды рөл атқарады.
KFM жобасы негізінен сүт өндіретін кәсіби шаруашылықтармен жұмыс істесе де, шағын фермалар үшін көптеген ақпарат пен практикалық білім ұсынады. 5 желтоқсанда Зеренді ауылында жеке қосалқы және фермерлік шаруашылықтардан 60-тан астам мүдделі фермерлер жиналды: Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрлігінің (АШМ) қолдауымен Айнагүл Аяғанова (KFM) екінші рет сүт өндірушілердің осы ерекше тобы үшін семинар ұйымдастырды. “Біз іс – шараға Ақмола облысынан 60-тан астам қатысушының келгеніне қуаныштымыз”, – дейді Светлана Пучкова. АШМ-нің жауапты өкілі мұны маңызды және қызықты тақырыппен ғана емес, сонымен қатар “ауылшаруашылық білім беру іс-шаралары үшін ең жақсы”жыл мезгілімен байланысты деп түсіндірді.
Айңагүл Аяғанова сүтті сиырларды азықтандыру және күтіп-бағу бойынша маңызды тақырыптарды талдап, шағын табындарға ерекше назар аударды. KFM жобасының азықтандыру бойынша сарапшысы өз презентациясында ең маңызды тақырыптарды қозғады. Содан кейін ол бір сағаттан астам уақыт бөліп, қатысушылардың көптеген сұрақтарына жауап берді.
Айнагүл Аяғанова
Фото: KFM