Бірнеше аптадан бері Арқабай ауылындағы Байсерке-Агро компаниясы траншеялардан сүрлем алу үшін жаңа техниканы қолданып келеді. Қолданыстағы телескопиялық тиегішке қазір Вressel&Lade сүрлем алу шөміші орнатылған. 500 сауын сиыры бар сүт өндіретін ферма Алматыдан 20 км жерде орналасқан және 2024 жылдан бастап сол жерде Германияның қолдауымен құрылған сүт өндіру саласындағы біліктілікті арттыру орталығы да орналасқан.
“Сүрлемге ауаның түсу қаупі жиі кездеседі, әсіресе температура жоғары болғанда немесе сүрлемнің мөлшері аз болса”, – дейді ферма басшысы Ларс Майер. Төменгі Саксониядан келген мал шаруашылығы маманы “тіпті тәжірибесі аз жүргізушілер де жаңа жабдықпен сүрлемді біркелкі кесе алады, ал сүрлем өзінің анаэробты тұрақтылығын сақтайды” деп қосады.
Сүрлем неғұрлым оңай алынса, сүрлем массасын алу процесі және көлік құралғысы соғұрлым аз зақымдалады. Ені 200 см сүрлем шөмішін дөңгелек және төртбұрышты шөп теңдерін көтеріп жылжыту үшін де пайдалануға болады. Бұл уақытты үнемдейді және малды азықтандыру жүмыстарын жеңілдетеді, өйткені қосымша құралдарды ауыстырудың қажеті жоқ. Өте берік конструкциясының арқасында бірнеше күн қолданғаннан кейін бұл қондырмалар әртүрлі жұмыстарда қолданылатын болды. TMR дайындау бойынша кеңестерді KFM жобасының “Жем араластырғышты толтыру” атты тегін жадынамасынан алуға болады
Уве Веддиге
Фото: KFM