Соңғы кездері консультациялар барысында сүт ингредиенттерінің мөлшері жоғары деңгейде болса да, сауылатын сүт мөлшері төмендейтінін байқаймыз. Шамасы, жаңа жүгері сүрлемі ескі сүрлемдей “сүт бермейді” және күніне бір сиырдан 2 литр сүт аз алынадыі. Жемшөпті ауыстыру әрдайым қауіпті, бірақ міндетті түрде келесі қателіктерді жібермеуге тырысу керек:
- Сүрлемнің жаңа қорын көбінесе келесі күні таңертең ашып беруге тура келеді, өйткені жем тұтыну мөлшері төмендеу болады деп болжамдалған. Месқарын микробтары үшін ескі жүгері сүрлемін жаңасына ауыстырғанның өзінде жем айтарлықтай өзгерген сияқты болады.
- Көптеген фермаларда жемшөп екі-үш күн ішінде ауыстырылады. Бұл көптеген табындарға қиын түседі, әсіресе сүрлем энергия, ақуыз немесе жалпы қоректілігі жағынан айтарлықтай ерекшеленетін болса.
- Біз азықты ауыстырған кезде бір мезгілде тым көп параметрлер өзгеретінін бірнеше рет кездестірдік. Сүрлем өзгеріп қана қоймай, концентраттың жаңа компоненті де тексеріледі. Нәтижесінде өзгерістерді бағалау мүмкін емес болады.
- Азық-түлікті ауыстырудың салдарын кім қадағалайтыны жиі түсініксіз болып қалады. Құрғақ затты тұтынуды, нәжістің консистенциясын кім бақылайды, електен өткізудің нәтижелерін кім талдайды және қандай өзгерістер енгізу керектігін кім тексереді?
- Күнделікті азық беретін жұмысшылардың аусуы да жануарлардың басқа тағамға баяу және жеңіл үйренуін қиындатады. Егер азықты әрқашан бір адам беріп жүрсе, месқарын микробтары жақсы бейімделе алады.
Ұмытпаңыздар: азықты тұтыну тұрақты болып қалуы керек, ал нәжістің концентрациясы мен сүттің мөлшері көп өзгермеуі тиіс. Алайда, егер сіздер өздеріңіздің әдісіңізді құжаттап, талдасаңыздар ғана жақсы нәтижелерді қайталай аласыздар.
Уве Веддиге
Фото: Ларс Майер