Көптеген желін аурулары суалту кезеңінде пайда болады, суалтудан кейінгі алғашқы екі апта және төлдегенге дейінгі соңғы екі апта әсіресе маңызды кезеңдер болып табылады. Осы уақытта емшек ұштарының жабық болғаны өте маңызды.
Сау жануарларда емшектің шырышты қабығында секреция пайда болады. Бұл “кератин тығыны” деп аталады, суалту кезеңінде мастит қоздырғыштарының енуінен қорғайды.
Емшек каналы көбінесе жабылмай қалады, әсіресе оның ұшында кератинделген өсінділері бар оңай сауылатын сиырларда. Бұл гиперкератоздар қазақстандық сиырларда кең таралған және дұрыс сауылмағандықтан пайда болады. Нәтижесінде олар инфекция қаупін арттырады.
Ішкі емшек тығыздағышы жеткілікті ме, әлде желіндегі мастит қоздырғыштарын жою үшін антибиотикті қолдану қажет пе, осы бойынша шешім қабылдау көбінесе қиын болады.
KFM бұл мәселені біраз анықтай түседі: команда жақында бақылау парақтары мен жадынамалардың кең сериясын екі жаңа ақпараттық жаднамамен толықтырды: “Дұрыс суалту” және “Тығыздағышты дұрыс пайдалану“. Екі жаднамада да дұрыс шешім қабылдау және дәрі-дәрмектерді қолдану туралы нақты мәлімет бар.
Уве Веддиге
Фото: DLG