Әр қадам сайын тұяқтар белгілі бір дәрежеде тозады, ал жұмсақ жермен жүргенде тұяқтар жерге батып тұяққа түсетін жүктемені азайтады – бірақ ол тек жайылымда ғана мұмкін. Қорада, керісінше, жануарлар қатты жермен жүреді. Жерге аяқ басқан кезде алдымен табанның жұмсақ жеріне, одан кейін сыртқы тұяққа, кейін ішкі тұяққа салмақ тұседі. Қатты жерде тұяқ жерге батып кете алмайды. “Тұяқтың ұшы қажалмай, ұзара береді, әсіресе артқы сыртқы тұяқтар шамадан тыс ынталандырылған сайын өсе береді”, – деп түсіндіреді Хольгер Пловка.
Феровтан келген тұяқ кесу бойынша неміс сарапшысы 2024 жылдың 21-26 қазаны аралығында (үш күндік екі тренинг) Байсерке-Агро фермасында тәжірибелі және тәжірибесіз тұяқ кесу мамандарын оқытады. 3 күндік оқу курсынан өткеннен кейін қатысушылар тұяқ кесу маманы деген сертификатын ала алады.
“Тұяқ проблемаларын мен көбінесе малдың тұрып-жататын жері нашар фермаларда кездестіремін”, – дейді неміс сарапшысы өз тәжірибесінен. Егер сиырлардың тұрып қайта жатуына орын аз болса немесе сол орыны қатты, ылғалды және лас болса, онда жануарлар көп уақыт бойы тұрып қалады”. “Тұру – тұяққа у сияқты әсер етеді”, – дейді Пловка,”көң қырғыш тым ұзақ үзіліс жасайтындықтан, жүретін жерлері лас және ылғалды болғандықтан да тұяқтарға зақым келеді
Тұяқ кесу тренигіне сұраныс жоғары. Әрбір қатысушының тәжірибелі тұяқ кесу маманының басшылығымен жұмыс істеуге жеткілікті уақыты болады.
Тіркелу үшін телефон нөмірі: +7776 230 58 78.
Уве Веддиге
Сурет: KFM