Біз фермаларға кеңес беруге барған сайын “білікті жұмыс күшінің жетіспеушілігі” мәселесі сүт өндірісінде де бар екенін көріп жүрміз. Көптеген шаруашылықтар өсіп келеді, барлығы дерлік өндірістің тиімділігіін арттырғысы келеді, ал кейбіреулері бизнестің жаңа бағыттарын ашады. Нәтижесінде білікті жұмыс күшіне үлкен сұраныс туындайды.

Жақында тағылымгер мамандар бір апта бойы практикалық дағдыларды үйренді. Олар сондай-ақ сүт өндірісі туралы кең білім алып, жануарлардың күйін сыртқы белгілері бойынша анықтауды үйренді. Шынында да, барлық техникалық қолдауға қарамастан, фермердің “қырағы көзі” оның таптырмас қасиеті болып қала береді. Кәсіпқойлар мен студенттерге арналған осы апталық “практикалық курс” барысында қатысушылар мал шаруашылығында әртүрлі практикалық дағдыларды үйренеді және пысықтайды. Мұнда басты назар күнделікті сауу процесін үйренуде болды. Алайда, бұзауларды азықтандыру, күту, жаңа бұзаулаған сиырларды күту және тұяқ кесу тақырыптары да назардан тыс қалмайды.

Оқу ғылыми-өндірістік орталығы сонымен қатар сүт өндірісіне байланысты тақырыптар  бойынша кең каталогты ұсынады. 2024 жылы келесі курстар мен іс-шараларды өткізу күндері:

– Практикалық курстар: 04 – 08.11; 25 – 29.11; 02 – 06.12. және 09-13. 12. 2024

– Тұяқ кесу: 21-22. 10; 23-24. 10 және 25-26. 10. 2024

– Қора күні: 29.10.2024

– Бұзаулар күні: 30.10.2024

Қосымша ақпарат алу үшін Бақытгүл Токеноваға хабарласыңыздар, телефон: +77762305878, e-mail: unpcbayserke-agro@mail.ru.

Уве Веддиге

Фото: KFM