Қазақстандағы көптеген сүт өндірушілер өз фермаларында сиырлардың азықты теріп жеу мәселесіне аса назар аудармайды. Олар көбінесе жемшөпті бақылаумен айналысады, құрғақ затты тұтыну мөлшерін анықтайды, TMR-ге су қосады және жемшөп араластырғышты толтыру юойынша эксперимент жасайды.

Дегенмен, жануарлардың 50% – дан астамы жем араластырғыш сигналы естілген кезде жем үстеліне жақындайтынын байқауға болады. Бұл жануарлар жемшөпті сұрыптайды, ең жақсысын таңдап, шоколад тәрізді бөліктерін “рахаттанып” жейді, ал кейінірек келген жануарларға тек қалдықтары қалады. Нәтижесінде, жануарлардың екі тобында да олардың қажеттіліктеріне сәйкес азықтанбауына байланысты қиындықтар туындайды. Оның салдары әрдайым қатты ауыр болмаса да,  көбінесе тұяқтардың денсаулығы нашарлайды, сиырлар желін инфекцияларына бейім болады және салмақтары кенет өзгеріп тұрады. Сиырлардың денсаулығы қол жетімді негізгі азықты көп тұтынғанда ғана жақсы болады. Алайда, бұған жемнің сұрыпталуына жол бермеген жағдайда ғана қол жеткізуге болады. Жануарлардың “тәттілерді” іздеуге жұмсаған әр минутында олар құрғақ затты тұтынуға қажет уақытын өткізіп алады. Біздің “Сүт сиырларының азықты тұтынуын арттыру бойынша 10 кеңес” жадынамасын және “Сауылатын сиырларды азықтандыру” бақылау тізімін қараңыздар. Сондай-ақ, біз сіздерге денсаулық пен сүт өнімділігін жақсарту  мақсатында табыныңызды қалай азықтандыру және қандай бақылау механизмдерін енгізу керектігін осында көрсетуге әрқашан дайынбыз.

Уве Веддиге

Фото: KFM