Сиырлар тайғақ емес жолмен жайбарақат, жылдам және басын көтеріп өтеді. Ал тайғақ жерде олар аяқтарын ептеп басып, баяу жүреді.
Олар жүретін жолдар уақыт өте бұлдырлығын жоғалтып, тайғақ болып кетеді. Оларды қалпына келтірудің екі жолы бар: механикалық жолмен кертпе салу немесе қышқылмен өңдеу.
Бетон үстін химиялық жолмен өңдеп несеп тас сияқты бейорганикалық қалдықтарды кетіруге болады. Дегенмен, алдымен өнделетң жерді мұқият тазалау керек. Содан кейін ғана тазартқыш қолданылады. Ең оңай жолы – лимон қышқылының ұнтағын (C₆H₈O₇) пайдалану, оны алдын ала тазаланған әлі ылғалды бетон үстіне себу керек. Шамамен 15 минуттан кейін сумен шайылады.
Сонымен қатар, 5% тұз қышқылын қолдануға болады. Бетіндегі кернеуді азайту үшін жуғыш затты қосқан дұрыс. Химиялық реакция өтіп жатқанын көбік пен будың пайда болғаны көрсетеді. 15 минуттан кейін өнделген жерді сумен жақсылап шайыңыздар. Бірнеше сағат аралығында үш рет қолдану үшін дайын ерітіндінің 1,0 л/м2 жеткілікті. Қышқыл қалдықтарын сұйық көңмен бірге шығаруға болады, онда олар зиян келтірмейді, тек аммиакты байланыстырады.
Назар аударыңыздар: қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар!
Тұз қышқылы-өте каустикалық және коррозиялық сұйықтық. Теріге немесе көзге тисе, сондай-ақ реакция кезінде шығатын бумен дем алғанда терінің қатты тітіркенуі, тыныс алудың қиындауы және тіпті тыныс алу жолдарының химиялық күйіп қалуы мүмкін:
– Жұмысты тек тиісті қорғаныс құралдарын қолданып (көзілдірік, резеңке етік, алжапқыш, қолғап киіп), жақсы желдетілетін жерлерде жасаңыздар,
– Қолдануға дайын ерітіндіні дайындаған кезде терінізге тиіп кетпеуін және шыққан бумен дем алмауыңызды қадағалаңыздар. Қауіпсіздік көзілдірігін міндетте тұрде тағу керек!
– Әрқашан шелекке алдымен су, содан кейін қышқылды қуяды, керісінше емес.
– Әрқашан қасыңызда ағынды су мен көз жууға арналған ерітіндісі бар бөтелке дайын тұрсын.
Уве Веддиге
Сурет: KFM