Мұрын сақиналары бұзаулардың бір-бірін емуін тоқтату үшін жиі қолданылады. Бірақ өкінішке орай, мұрын сақиналары оның себебімен күреспейді. Алайда, бұзауларға кем дегенде 8-10 литр, ең жақсысы 10-12 литр сұт берілсе, бұл әуестіктін өшетіні белгілі.
Бұзаулар өмірінің бірінші аптасында күніне шамамен 10 литр немесе одан да көп сүт іше алады. Егер олар күніне 4 литр ғана ішсе, онда олар өмірінің бірінші аптасында салмағын жоғалтады. Сүт немесе сүт алмастырғышын көбірек беру ішектің денсаулығына немесе ұлтабар толып кетіп, сүт месқарынға кетуіне әсер етпейді.
Бір-бірін соруға ішінара аштық әсер етеді және бұзаулар сүт немесе сүт алмастырғыштарды шектеулі мөлшерде ғана ішсе, көбейеді. Сондықтан оны болдырмау үшін бір бергендегі сүт мөлшерін және сүттің жалпы мөлшерін көбейту пайдалы болуы мүмкін.
Егер бұзаулар емуге жеткілікті уақыт жұмсамаса, бұл оларды қоршаған ортадағы басқа заттарды емуге итермелейді. Азықтану ұзақтығын ұзарту үшін ағымы баяу емізіктерді қолданған жөн. Жаңа туылған бұзауларға ағыны баяу, қаттырақ емізіктерге ауыспас бұрын, бастапқыда жұмсақ «уыз емізігін» қолданған дұрыс.
Ашық шелекпен салыстырғанда емізік арқылы азықтандыру өзара емуді едәуір азайтады. Емізіктің көмегімен бұзаулар ему инстинктін азықтанған кезінде де, одан кейін де баса алады.
Шамасы, ағымы баяу емізік арқылы азықтандыру — бұл қалыптан тыс ему әрекетін азайтудың ең тиімді стратегиясы.
Қосымша кеңестерді KFM-жобасының «Бұзаулардың бір бірің емуі» атты жаднамасынан алуға болады.
Уве Веддиге
Сурет: ADT