Жүгеріні жинау уақыты жақындап келеді, оны ұсақтайтын техника жұмысқа кіріскенге дейін бірнеше күн ғана қалды. Бірақ оған дейін көп дайындық қажет:
Әрқашан неше гектар жердегі жүгеріні жинау керектігі, қанша бригада баратыны және сүрлемді кім нығыздайтыныны белгіленіп қойылу керек. Өрістердің қандай ретпен жиналатындығын анықтайтын график болғаны дұрыс. Алқаптар, алқап шекаралары және кірме жолдар цифрлық алқаптар картасына енгізіледі немесе картада белгіленеді.
Сүрлемге арналған орынды да дайындау керек:
- Сүрлем траншеясына өту және одан шығу жолдары ештеңе кедергі болмайтындай ашық болуы керек.
- Сүрлем шұңқырының қабырғаларына пленка тартылып қойылған.
- Сүрлемнің бүкіл ұзындығы бойынша астына төселетін және үстіне жабатын пленкалар дайын.
- Түпқоймаларда пленканы басып қоятындай құм дорбалары жеткілікті.
- Шаруашылық басшысы әр сағат сайын ұсақтау ұзындығын және барлық дәндердің ұнтақталғанын тексереді.
Сүрлем траншеясындағы ең маңызды нәрсе:
- Нығыздайтын тракторлардың жалпы салмағы бір сағатта жиналатын өнімнің салмағына (тонна құрғақ зат) сәйкес келуі керек.
- Нығыздайтын тракторлардың шиналарындағы ауа қысымы кемінде 2 бар болғаны дұрыс. Тракторлар максималды 4 км / сағ жылдамдықпен үзіліссіз жұмыс істейді, келесі қабатты салмай тұрып бүкіл траншеядағы сүрлемді екі-үш рет айналып өтеді. Жүгерінің әр қабатының қалыңдығы 20 см-ден аспайды.
- Егінді жинап болып, тіркемелерді босатқаннан кейін тракторлар сүрлем жабылғанша тағы бір сағат бойы оны нығыздауын жалғастырады.
Сүрленетін жүгерінің піскендігін анықтауға арналған нұсқаулық ретінде сіз KFM жобасының “Жүгеріні жинау мерзімін анықтау” жаднамасын тегін жүктей аласыздар.
Уве Веддиге
Фото: KFM