Сиырлардың қатты ластанғаны олардың өздерін жайсыз күйге түсіреді және тұяқ пен желін ауруларына, терінің тітіркенуіне және өнімділіктің төмендеуіне әкеледі. Аяқтардың, желіннің, төстің және қарынның ластануы негізінен лас бокстардан және қатты ластанған жолдардан болады. Көп жағдайда скрепер сирек іске қосылады және төсеніштері бар бокстарға сабан салу қажет емес деген пікір басым келеді.
- Жотасы ластанса: бұл қорадағы климат пен шаңнан туындауы мүмкін. Сабан төсемеде шаң аз екеніне және ауа айналымының жақсы екеніне көз жеткізіңіздер. Тарауыш щеткалар жануарлардың жағдайын жақсартуы мүмкін.
- Жамбасы лас болса: көң мен қи уақтылы шығарылмағандықтан немесе жататын бокстар тым кішкентай екенін көрсетеді. Төсек пен өткелдердің таза екеніне көз жеткізіңіз. Сонымен қатар, бокстардың өлшемдері (ұзындығы, ені, мойын штангасының орналасуы) жануарлардың үлкендігіне сәйкес келуі керек.
- Желін лас болуы оның денсаулығы мен сүт гигиенасына әсер етеді, сонымен қатар сауу залында желінді тазарту үшін уақыт кетеді және қосымша жүмыс жасалады.
Сиыр тұрып-жататын жер жұмсақ және құрғақ болуы керек. Жануарларды таза ұстаудың ең оңай жолы-күн сайын 0,3-0,5 кг ұсақталған сабан салып тұру. Кәдімгі скреперлер мен сорғы жүйелеріне ол кедергі болмайды. Ағаш жоңқалары қолайсыз, өйткені абразивті әсерінен және ұсақ ағаш бөлшектерінен теріге зақым келуі мүмкін, сонымен қатар мастит қаупі арта түседі.
Сондай-ақ, KFM жобасының “Желін тазалығы”, “Сиырлар өтетін жолдарды тексеру” және “Сиырлардың жайлылығы” атты бақылау парақтарын нұсқаулық ретінде пайдаланып, бокстардың дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіздер.
Уве Веддиге
Фото: KFM