Сүрленетін жүгеріні жинау кезеңі әрқашан техниканың болуына емес, өсімдіктердің пісуіне байланысты! Егер тым ерте жинаса, онда өнім аз болып шығады. Егер кеш жиналса, ұсақталған материалды жеткілікті түрде тығыздау қиынға соғады, нәтижесінде сүрлемнің сапасы нашарлайды! Егер оңтайлы уақытта жинамаса, астық өнімі 15 пайызға дейін айтарлықтай төмендеуі мүмкін.
Сүрленетеін жүгеріні жинаудың оңтайлы уақыты өсімдіктің жалпы құрамындағы құрғақ заттың (ҚЗ) көрсеткішіне байланысты, ол көрсеткіш 32-ден 36% – ға дейін болуы керек. Сонда астық өнімі мен сапа сәйкес келеді. Сонымен қатар, дәндердің пісіп жетілуі мен қалған өсімдіктің сіңімділігі арасындағы жақсы сәйкестік оңтайлы cүрленуін және осылайша азықтың жоғары сапалы болуын қамтамасыз етеді.
Жетілу дәрежесін анықтауға арналған нұсқаулық ретінде KFM жобасының “Жүгері жинау кезеңін анықтау” жаднамасын жүктеп алуға болады.
Уве Веддиге
Сурет: KFM