Сиырлар ақсаған кезде олар оны ауырсынады. Бұл айтарлықтай экономикалық шығындарға әкелуі мүмкін. Сондықтан ақсақтықты мүмкіндігінше ертерек анықтау және емдеу немесе ең жақсы жағдайда оның алдын алу өте маңызды. Тіпті бір қарағанда сиыр тұрғанда немесе жүргенде арқасы доғадай бүгілгені сияқты ақсақтықтың белгілерін байқауға болады. Егер сиыр басын изеп жүрсе, бұл ақсағандықтан аяқтарына салмақ түсірмеуге тырысқанын көрсетеді. Ақсақ жануарларды стратегиялық тұрғыдан дұрыс және ерте анықтау үшін KFM командасы мал өсірушілерге KFM тексеру парағын қолданып бұл процессті күнделікті жұмысқа еңгізуді ұсынады. Онда қолданылатын ақсақтықты бағалау бес деңгейі бар:
- 1- деңгей – қалыпты: сиыр қалыпты жүреді және тұрады,тұрған кезде арқасы түзу болады.
- 2- деңгей – сәл ақсандайды: сиырдың арқасы тұрғанда қалыпты, бірақ жүру кезінде ол тұяқ ауырғандығын жеңілдету үшін сәл бүкірейеді.
- 3- деңгей- орташа ақсандайды: сиырдың арқасы тұру және жүру кезінде доға тәрізді. Сиыр бір немесе бірнеше аяқпен қысқа қадамдар жасайды.
- 4- деңгей – қатты ақсайды: сонымен қатар, сиыр кем дегенде бір аяғына салмақ түсіріп баса алмайды.
- 5- деңгей – қатты ақсайды: сиыр енді бір аяққа мүлде салмақ түсірмейді немесе тұра алмайды/тұруға қиналады.
Сенімді нәтиже алу үшін, мүмкін болса, ақсайтын сиырларды тұрақты түрде бір адам бақылап анықтап жүруі керек. Табыннан артта қалатын жануарларға назар аудару керек. Дегенмен, ұстау жағдайы, оның ішінде қораның дұрыс емес өлшемдері, кедергілер мен көлеңке түсіп тұруы немесе қорадағы садыра сияқты гигиеналық мәселелерге байланысты ақсақтық пайда болуы мүмкін.
Уве Веддиге
Фото: KFM