Сіздің сүрлеміңіз қызиды және сіз кесілген жеріне пропион қышқылын себу туралы кеңесті жиі естідіңіз бе? Содан кейін сіз бұл мақаланы міндетті түрде оқып шығуыңыз керек. Біз, KFM командасы, төрт жылдан астам уақыт бойы сүт өндірушілердің көбіне кенес беріп келеміз және біздің жаднамаларымыз бен бақылау тізімдеріміз тек Қазақстанда ғана емес, көрші елдерде де қолданылады. Жазда біз “сүрлем алынған жер қызған кезде пропион немесе құмырсқа қышқылын пайдаланған дұрыс”деген кеңесті жиі естіп жүрміз. Біз кеңестерімізді тек тәжірибемізге сүйеніп беретініміздіктен бұл құралды Аркабайдағы “Байсерке Агро” ғылыми-зерттеу және оқыту орталығында қолданып көрдік. Бұл кеңесті көптеген кеңесшілер беретінін білеміз. Сондықтан оның әсерін өздеріңіз тексеруді ұсынамыз…. бірақ сіздер оның іс жүзінде пайдасы жоқ екеніне көздеріңіз жетеді.
Бірақ неге? Тым жоғары дозада препарат жемді тұтынуға теріс әсер етуі мүмкін болса да, бүркігенде сүрлем алынатын кезде оттегінің түсуіне байланысты қызитын қабаттарға жетпейді. Оған қарсы бірінші шара ретінде сүрлемді алу кезінде оны қопсытпауға тырысу керек. Сүрлемді алуға арналған қолда бар техника шынымен талапқа сай қолданыла ма, немесе тиеуіштің шөмішімен ”тезірек” алына сала ма, соны тексеріңіздер.
Екінші кезеңде рационды түзетуге болатындығын және осылайша алу жылдамдығын арттыруға болатындығын тексеріңіздер. Содан кейін, әрине, рационды тұрақтандыру керек, араластыру кезінде немесе күндізгі уақытта жем үстелінде қосымша қызбайтындай. Бұл кезеңде калий сорбаты сияқты дәмі сезілмейтін өнімдерді қолдану керек. “Ыстық азық” жануарлардың денсаулығына ұзақ мерзімді проблемалар тұдырады, әсіресе жазғы жылу стрессімен қоса. Кеңесшімен бірге себебін анықтаңыз. Бұл үшін сіздің жануарларыңыз сізге риза болады!
Уве Веддиге
Фото: KFM