Қазақстан ауыл шаруашылығы министрлігі мен Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен шағын жеке қосалқы шаруашылықтардың 23 басшысы жақында сүтті сиырларды азықтандыру және бағу бойынша оқудан өтті. Абай облысынан тағы 15 фермер онлайн қатысты.
Тіпті жеке шаруашылықтардың өзінде сиырларды азықтандыру мен оларға жайлы жағдай жасау бойынша қарапайым шаралар, мысалы, жеткілікті кеңістік, таза ауа және жарық, жануарлардың өнімділігі мен денсаулығын жақсартуға көмектеседі. Иден оқу-зерттеу орталығының сарапшысы Томас Энгельхардт Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің ғимаратында ірі қара малдың асқазан-ішек жолдарының қалай жұмыс істейтінін нақты түсіндірді. Сиырларға тек энергия мен ақуыз ғана емес, сонымен қатар олардың ас қорыту жүйесінің ерекшеліктеріне байланысты құрылымдық жасұнық қажет.
Сарапшы сонымен қатар концентраттардың мөлшері көп болғаны месқарынды қатты қышқылдандыратынын түсіндірді:”күнделікті рационды бірнеше порцияға бөліп азықтандыруға тырысыңыздар, сонымен қатар ең маңызды және ең арзан азық су екенін ұмытпаңыз”. Егер сиыр күніне 20 кг сүт берсе, онда қыста ол 55 литр су ішеді, ал жазда-90 литр. Сонымен қатар, шабуға арналған шөпті ол қатая бастағанға дейін шабу керек. Саны емес, сапасы маңызды! Сақтау шығындарын қолжетімді флиспен жабу немесе қарапайым қорада ұстау арқылы қысқартуға болады.
Жоба басшысының орынбасары Айнагүл Аяганова тұрақты кездесулердің маңыздылығын атап өтті: “тәжірибеге негізделген кеңестер мен семинарларға қатысу тәжірибе алмасуға, жаңа білім алуға және өндірістік процестерді жетілдіруге көмектеседі. Сонымен қатар, KFM жобасы www.kfm-kasachstan.net сайтындағы жаднамалар мен бақылау парақтарында пайдалы ақпарат ұсынады”. KFM жобасы ақпараттық кооперативтерге біріктірілген шағын жеке шаруашылықтар үшін үнемі семинарлар, тренингтер және топтық консультациялар ұйымдастыруға әрқашан дайын.
Айнагүл Аяганова
Фото: KFM