Жоңышқа шабу уақытын белгілеу әрқашан күрделі шешім болып табылады. Өнімділік пен сапа бір-бірімен тығыз байланысты. Жоңышқаның гүлдене бастағаннан бастап толық гүлденуге дейін сіңімділігі күніне 1 % төмендейді. Бұл ерте шабылса (гүлденер алдында), шығымы аз болады, бірақ сапасы жоғары болады. Керісінше, жетілген кезеңде шабу (толық гүлдену) сапасы төмен жоғары шығым береді. Жоңышқа шабудың оңтайлы уақыты – өсімдіктердің 5-10% гүлдеген кезі.
“Байсерке-Агро” фермасы биыл алғаш рет жоңышқа шауып алады және аймақта ол бойынша тәжірибе аз. Сондықтан KFM ұжымы жоңышқаның өсуін қарқынды бақылап қана қоймай, масса мен құрғақ заттарды анықтау үшін егін алқабынан бірнеше нақты үлгілерді алып тексерді. Жоспарланып отырған оңтайлы шығымы 1 гектардан 6 және 10 тонна балғын масса. Бұл уақытта құрғақ заттың мөлшері 24 – 29% болды.
Уве Веддиге
Фото: KFM