Бір қарағанда, емдеу жасалып жатқан сиырлардың сүтін пайдалану орынды сияқты. Дегенмен, оны пайдаланбаған дұрыс, өйткені бұзауларды ондай сүтпен азықтандыру көбінесе антибиотиктердің бақылаусыз жеткізілуіне әкеледі. Желін сүтіндегі антибиотик қалдықтарының ішек флорасына әсері және жалпы төзімді патогендердің дамуы көптеген проблема тұдырады.
- Ішек флорасының бұзылуы: антибиотиктер ішек микробиотасының тепе-теңдігіне әсер етуі мүмкін, өйткені антибиотиктер жақсы бактерияларды тіпті жойып тастайды. Бұзылған ішек флорасы ас қорыту проблемалары мен диареяға әкелуі мүмкін.
- Төзімді бактериялардың дамуы: антибиотиктерді қолдану төзімді бактериялардың дамуына және селекциясына ықпал етуі мүмкін. Сондықтан бұл төзімділік басқа бактерияларға да берілу қаупі бар.
- Жануарлардың денсаулығына қауіп: төзімді бактериялар ауыр инфекцияларға әкелуі мүмкін, оларды емдеу қиын, өйткені қарапайым антибиотиктер тиімсіз болуы мүмкін.
- Адамға берілуі: төзімді бактериялар адамдарға берілуі мүмкін.
Сонымен қатар, мұндай сүтте көбеюге қабілетті төзімді/резистентті бактериялар болуы мүмкін. Пастерлеу кезінде де бактериялардың 90 % – ы өледі. Пастерлеуге дейін немесе одан кейін сүтті мұқият өңдемесе, ондай сүтті беру қаупі одан әрі артады. Төзімділіктің берілу қаупін болдырмау және емдеуге төзімді ауруларды болдырмау үшін, бұзауларға антибиотикпен емделінетін сиырлардың сүтін бермеген дұрыс.
Уве Веддиге
Фото: KFM