Жаз жақындап қалды. Сондықтан сүтті ірі қара мал табынының жазғы мезгілден аман-есен өтуі үшін шаралар қолдану қажет. Сиырлар ауа температурасы 25 ° C дейін болған кезде жылудың әсерінен болатын күйзелісін сезінеді, бұл сүттің азаюына және оның құрамындағы компоненттердің азаюына әкеледі.
Сиыр қораның әрқашан жақсы желдетілуін қадағалаңыз. Сиыр қорасының есіктерін, перделерін және терезелерін ашу шығын қажет етпейді. Қораға орнатылған желдеткіш те жақсы әсер етеді. Осьтік желдеткіштер мен Casablanca желдеткіштерін орнату бойынша біздің жаднамаларымызбен танысыңыздар.
Су бүріккіш және спринклерлер жүйесі қораның суытылуын судың ұсақ тамшыларының булануы арқылы қамтамасыз етеді. Ылғалды ауа саунадағыдай әсер бермеуі үшін жақсы ауа айналымын қамтамасыз ету маңызды. Жүйе дұрыс орнатылған жағдайда жануарлар мен еден құрғақ күйінде қалады, сондықтан гигиенаға зиян келтірілмейді. Әсіресе 15 минуттық ырғақ тиімді екені анықталған: 3 минут суды шашырату, 12 минут оның буға айналуына кетеді.Таза судың жеткілікті мөлшерде болғанын қадағалаңыздар. Жазда сиыр күніне 150 литрге дейін су ішеді.
Жазғы температурада сиырлар терлеп, тек сұйықтықты ғана емес, сондай-ақ бағалы тұздар мен минералдарды жоғалтады. Жануарларыңыздың әрқашан жеткілікті мөлшерде сумен қамтамасыз етілуін қадағалаңыз, ал ыстық күндері ірі қара мал үшін минералдар мен тұздың мөлшерін шамамен 20% -ға ұлғайтыңыз. Тұз блоктарының немесе жалайтын тұз салынған шелектердің әрқашанда сиырлардың алдында болуы да өзінің тиімділігін іс жүзінде дәлелдеген.
Уве Веддиге
Сурет: Weddige