Әрбір төртінші қазақстандық ферманы әйел басқарады. 83 800 қазақстандық әйел сиырларды сауып, жылыжайларда қызанақ өсіріп қана қоймай, салықтар мен субсидиялармен айналысады, сондай-ақ асыл тұқымды мал сатып алады.
Әйелдердің жалақысы әлі де ер адамдарға қарағанда айтарлықтай төмен. Ерекшелік тек басшылар арасында: ауылшаруашылық компанияларының әйел бас директорлары ұқсас лауазымдардағы еркектерге қарағанда айына 37% — ға көп табыс табады. Сектордағы басқа басшылық лауазымдар бойынша осыған ұқсас жағдай.
Физикалық ауыр еңбекке байланысты кәсіптердегі номиналды жалақыны салыстырса жағдай басқа. Еркек мал өсірушілер, агрономдар, жұмысшылар, жылқы өсірушілер және көкөніс өсірушілер әйелдерге қарағанда 8-25% көп табыс табады. Тек шопан кәсібінде жағдай басқаша: Қазақстандағы әйел шопандар еркек шопандарға қарағанда 20 % — ға көп ақша табады.
Германияда да шаруа қожалықтарын басқаратын әйелдер саны артып келеді. 2020 жылы Германияда 28 412 әйел басшы болды, ол барлық шаруа қожалықтарын алғанда 10,8 % құрады. Он жыл бұрын бұл көрсеткіш 8,6% құрайтын.
Заңды тұлғалар ретінде ұйымдастырылған ірі компанияларда 14,3% құрайтын әйел басшылардың үлесі отбасылық шаруашылықтарға қарағанда — 10,9% — ға айтарлықтай жоғары.
Алайда, оң тенденцияға қарамастан, Германия Еуропадағы шкаланың төменгі жағында. Литва мен Латвияда барлық шаруа қожалықтарының 45 пайызын, ал Эстонияда 33 пайызын әйелдер басқарады. Румынияда, Италияда және Австрияда әйел басшыларының үлесі шамамен үштен бірін құрайды. Орташа еуропалық көрсеткіш 29 пайызды құрайды.
Көптеген басқа елдермен салыстырғанда Германияға бұл көрсеткішті әлі де көтере түсуге болады.
Уве Веддиге
Фото: KFM