Тұяқтарға дұрыс күтім жасалмаса, сиыр көбінесе  тұяқтың сыртқы жартысына сүйеніп тұрады. Бұл көбінесе тұяқтың зақымдануының және тұяқ  жараларының себебі болып табылады. Нәтижесінде тұрақты шамадан тыс жүктеме пайда болады, бұл сыртқы тұяқтарға  басып жұру беру арқылы күшейеді.

Қорада байланбай ұсталатын жағдайда “ылғалды жер тұяқтардың пішіні жайсыз болып қалыптасуына әкеледі”, – деп түсіндіреді Хольгер Пловка Байсерке-Агро  фермасының қорасындағы тұяқ күтімі бойынша тренингке қатысушыларға. Бұл ретте ол тұяқтың тым өсіп кеткен бетін және ең алдымен сиырдың дене салмағының көп бөлігі түсетін қуыс ойықтардың жоқтығын көрсетеді. “Бұл табанның ішкі бөлігіне үлкен салмақ түсіреді”, – деп жалғастырады неміс сарапшысы,”бұл терінің зақымдануына және көбінесе табан жарасының дамуына әкеледі”.

Содан кейін ол “функционалды тұяқ күтімі”  аясында тұяқтарды қалай кесу керектігін көрсетті. Бірнеше күнге созылатын оқу курсының барлық қатысушылары стандартты күтімді ғана емес, сонымен қатар өсіп кеткен немесе қабынған тұяқтармен де күрделі жұмыстарды орындайды. “Мен Хольгердің қалыптырды орнықтыру мен таңғыштарды қолдануы барысында көп нәрсені үйрендім”, – дейді қатысушылардың бірі оқу нәтижелерін жоғары бағалай отырып.

Уве Веддиге

Фото: KFM