Антибиотиктермен емделген сиырлардың сүтін пайдалану үнемді болуы мүмкін, бірақ антибиотиктер мен микоплазма сияқты патогендік бактериялардың қалдықтары проблемаларға әкелуі мүмкін. Көбінесе мұндай сүтпен қоректенетін бұзаулардың нәжісімен антибиотиктерге төзімді патогендер сыртқа шығарылып аурулар таратылады.
Бұзауларға не беруге болады? Бұзаудың денсаулығы әрқашан да бірінші орында. Сондықтан:
- желіні ауру сиырлардың сүтін бермеңіз (мысалы, E. coli немесе Pasteurella spp.). Бұзаулаға инфекция жұғып, ауырып қалуы мүмкін.
- Инфекциялармен ауыратын сиырлардың ұызын бермеңіздер.
- Шикі сүтті және әсіресе уызды бөлме температурасында сақтамаңыздар. Ондағы микроорганизмдер тез көбейеді.
- Сүтінің құрамында антибиотик қалдықтары болуы мүмкін сиырлардың сүтін бермеңіздер. Бұл микробтардың антибиотиктерге төзімділік дамыту қаупін тудырады және бүкіл табынның денсаулығына ұзаққа созылатын зиян келтіреді.
Дереккөз: Ma et al., 2022: “Антибиотикпен өнделген сүтті беру бұзаулардың өсу қарқынына, метаболизміне, антиоксиданттық күйіне және иммунитетіне әсері тұралы шолу”.
Фото: KFM