Суық күндері бұзаулар едәуір көбірек азық қажет етеді және олардың күнделікті салмақ қосуы азаяды. Сонымен қатар, дененің қорғаныс жүйесі әлсірейді. Патогендік микроорганизмдер оңай таралады және бұзау ауруының қаупі арта түседі. Диарея мен пневмония жиі кездеседі.
Күнделікті салмақ қосуының төмендегені мен қосымша емдеу шығындарынан басқа, бұл жерде бірінші төлдеу мерзімі кештеу болатынына және болашақта сүт өнімділігінің төмендеуіне байланысты шығындар туралы да айта кету керек.
Осыған байланысты бұзауларды азықтандыруды да суықтан болатын стресске бейімдеу керек. Әдетте, сүт алмастырғыш мөлшері 150 г/литр құрайды. Температура 5 °C-тан төмен түскеннен кейін мөлшерін 160 г/литр суға дейін арттыру керек, ал берілетін сүттін мөлшерін шамамен 20% арттыру керек.
Бұл тақырып бойынша KFM жобасының “Қыста бұзауларды азықтандыру”, “Сүт алмастырғыш мөлшері тұралы” және “Төсеніштің терендігін бағалау шкаласы” атты жадынамаларын жүктеп алуға болады.
Уве Веддиге
Сурет: Naturstall-Shop