Қазақстанның көптеген өңірлерінде жүгеріден жақсы өнім алынды. Енді сүрлемнің оны малға бергенше қызып кетпеуі маңызды. Шығындардың көпшілігі жүгері сүрлемін ашқанда және алып шығарғанда ғана болады, әсіресе сүрлем қызып, біртіндеп нашарлаған кезде.
Жүгері сүрлемінің тым ерте ашылуы жиі кездесетін қателік. Сүрлем кем дегенде алты апта, тіпті сегіз апта бойы жабық тұруы керек.
Сүрлемді апта сайын кем дегенде 2,50 метрге дейін алып отыру керек. Бірақ көбінесе сүрлем үйінділері тым биік немесе тым қысқа болады. Оны тиісті мөлшерде біртіндеп алмағандықтан кіріп кеткен ауа қажетсіз флораның қызуы мен көбеюіне ықпал етеді. Егер бұған қоршаған ортаның жоғары температурасы қосылса, бұл жағымсыз флораның көбеюін одан әрі жылдамдатады.
Сүрлемді алу да оның қызуына әсер етеді. Егер жүгері сүрлемі техника көмегімен тартылып алынса және сонымен бірге алынған жердің тұтастығы бұзылса, онда ауа жемшөп үйіндісінің терең қабатына өтіп кетеді. Бұл ашытқылардың, саңырауқұлақтардың және ацетобактериялардың көбеюіне ықпал етеді.
Тез бұзылатын сүрлемнің қызыу көптеген шаруашылықтар үшін маңызды мәселе болып табылады. Болашақта ашытқы құрамын азайту үшін ұсақтап кесу және жеткілікті түрде тығыздау сияқты сүрлемді дайындау бойынша технологиялық шараларды қолдану қажет.
Уве Веддиге
Фото: KFM