2020 жылдың басынан бастап KFM жобасының халықаралық және ұлттық сарапшылар тобы Қазақстанның солтүстік өңірлеріндегі сүт шаруашылықтарының техникалық және басқарушы қызметкерлерінің біліктілігін арттырумен айналысады.
Жоба ұжымының практикалық жұмысы техникалық және басқарушы персоналдың білім деңгейі мен дағдыларын едәуір арттырды. Сонымен қатар, кеңес алған барлық шаруашылықтарда көптеген мүмкіндіктер мен ресурстарды пайдалануға мүмкіндік туды.
“Нәтижесінде пилоттық фермаларда еңбек өнімділігі артып, сүт сапасы жақсарды. Бұған жем – шөпті талдау, жұмыс процестерінің хаттамалары және сүт өндірудің барлық бағыттары бойынша түрлі оқу курстары ықпал етті”, – деп Уве Веддиге жоба басшылығының отырысында жобаның өткен кезеңін қорытындылады. Оның пікірінше, жұмыс нәтижелері өсудің айтарлықтай әлеуетін көрсетеді. Өзекті мәселелер жергілікті кәсіпорындармен де, ауылшаруашылық әкімшілігімен де ынтымақтастықты қажет етеді. “Салада жүйелі өзгерістер болмаса, нәтиже болмайды”, – деп қосты неміс сарапшысы.
Екінші кезеңде сүт жобасы қол жеткізілген нәтижелерді бекітіп, фермерлерді қолдау жұмыстарын республиканың солтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлеріне кеңейтеді деп жоспарлануда. Алматы облысында “Байсерке-Агро” оқу-ғылыми-өндірістік орталығының негізінде сүт өндірушілер үшін консультациялық-сервистік орталық құру жоспарланып отыр. Жоба Қазақстанның сүт шаруашылықтарында білікті кадрлар тапшылығын қысқартуға елеулі үлес қосады.
Уве Веддиге
Фото: KFM