Көптеген шаруашылықтар үшін “кәсіпкерлік мінез-құлық, қызметкерлерді ынталандыру және пікірталасты кәсіби тұрде жүргізу ” болашақта өндірістік табысты айтарлықтай жақсартуға болатын үлкен кәсіпкерлік ресурстар болып табылады.

Сарапшы-кеңесші Уве Кафтанмен бірге KFM жобасының ұжымы Чаглинкадағы Неміс аграрлық орталығында бір күндік семинар ұйымдастырды. Сонымен қатар, неміс сарапшысы Солтүстік Қазақстандағы 3 фермерлік шаруашылыққа барып кеңес берді. Іс-шараларға барлығы 9 шаруашылықтан 21 басқарушы қатысты. Семинар барысында қатысушылар әсіресе басқару мен ынталандыруға байланысты көп таралған мәселелерін қызығушылықпен талқалады. Уве Кафтанның көмегімен олар персоналды тиімді басқару және еңбекті ұйымдастыру үшін практикалық шешімдер әзірледі.

“Болашақта Қазақстанда алдынғы қатарда ең жақсы өндірістік білімі бар шаруашылықтар емес, өз қызметкерлерін орташадан жоғары деңгейде ынталандыра алатын шаруашылықтар болады”, – деп қорытындылады Солтүстік Қазақстан облысының фермер қожалығының басшысы шаруашылықты басқаруға деген көзқарас туралы өз ойларын қорытындылады.

Уве Веддиге

Фото: KFM