Қазақстан Үкіметі алдына биогаз өндіру мен пайдалануды кеңейту мақсатын қойып отыр. Ол үшін қолдау жүйесі де құрылды.

Қазақстанда биогаз қондырғыларын құру үшін тиісті технологиялар жеткізушілері жоқ, ал ауыл шаруашылығы өкілдері мен инвесторлардың бұл тақырып бойынша білімі жеткіліксіз.

Осы себепті Германия-Қазақстан энергетикалық диалогы шеңберінде биогаз өндіру, оны пайдалану және өндірістің құқықтық негіздері бойынша нұсқаулық әзірленетін болады. Ол құрал Қазақстанда биогаз және биометан секторын дамытуға мүдделі қазақстандық және неміс инвесторларына Қазақстанда биогаз өндірісінің мүмкіндіктері мен проблемалары туралы негізгі мәлімет алуға көмектеседі.

Нұсқаулықтың бірінші бөлімінде биогаз өндіру үшін биомасса әлеуетінің егжей-тегжейлі сиппатамасы дайындалды. Ол үшін ірі қара мал шаруашылығынан, шошқа шаруашылығынан және құс шаруашылығынан алынған көң мен қи көлемі ескерілді. Бұл сандар жиынтығы биомасса көлемін және өндірілетін газдың ықтимал мөлшерін болжауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, қалаларда қоқыс-қалдықты бөлек жинау нәтижесінде пайда болатын қайта өңделетін био қалдықтардың және коммерциялық био қалдықтардың мөлшері есептелді. Олардың негізінде газдың мөлшерін бағалауға және ықтимал өнімін есептеуге болады.

Нұсқаулық 2023 жылы шығады деп күтілуде.

Уве Веддиге

Фото: KFM