Жүгері жинауға  бірнеше апта қалды. Ұнтақтағыштың пышақтарын қайрап қана қоймай, сонымен қатар бақылау тақтасын мұқият реттеп, жүгері ұнтақтағыштың жұмысын тексеру қажет. Сондықтан алдын ала тексеріп алу артық болмайды.

Осыны ұмытау керек:

  • Сүрлемнің астына салатын мен жабылғы пленкалары, сондай-ақ сүрлем бетін құстардан сақтайтын торлар көбінесе ұзақ жеткізіледі, сондықтан алдын ала тапсырыс беріңіздер!
  • Сүрлем траншеяларын жөндеңіз және тазалаңыздар!
  • Пленканы бастыруға арналатын құм салынған қапшықтар пайдалануға дайын түрде тұрсын.

Ең маңыздысы:

  • Әр егістік әр түрлі піседі, сондықтан пісу мерзімін анықтау өте маңызды. Ол үшін KFM жобасының “Жүгеріні жинау уақытын анықтау” жадынамасын қолданыңыздар.

Жемшөп жинайтын комбайн қашан іске қосылады:

  • Жұмыстардың нақты кестесі болуы керек, алқаптардың кезегі, қанша техника барады және сүрлемді кім нығыздайды.
  • Егістіктер, егістік шекараларын, кедергілерді және кірме жолдарды сандық /дигиталды қартаға енгізу немесе оларды картаға түсіру пайдалы.
  • Осы уақыттан кешіктірмей сүрлем траншеясының қабырғаларына пленка жайылады.

Бақылау, бақылау …

  • Сүрлемнің бірінші бөлігін әкелгеннен бастап бақылау қажет: құрғақ заттың құрамын, кесу ұзындығы мен барлық дәндердің ұсақталғандығын кем дегенде жарты сағат сайын тексеріп тұру керек.

Траншеядағы ең маңыздысы: нығыздау, нығыздау, нығыздау!

  • Ауыр дөнгелекті трактор шиналарындағы ауа қысымы кем дегенде 2 бар болуы керек.
  • Трактор сағатына 4 км-ден аспайтын жылдамдықпен жұмыс істейді және келесі қабаттың кезегі келгенге дейін сүрлем бойымен екі-үш рет өтеді. Қабаттың қалыңдығы 20-30 см-ден аспауы керек
  • Ең соңында трактор тағы бір сағат бойы бастырып жүреді (артық емес), содан кейін сүрлем жабылады.

Егін жинауға дайындық

  • Неміс сарапшысы Маркус Хаушильдпен бірге KFM командасы 2023 жылы Солтүстік Қазақстанда тренингтер өткізуді жалғастырады. Өткізілетін күндері мен орындары жақын арада жарияланады.

Тақырып туралы толығырақ: KFM жобасының “Жүгері жинау уақыты туралы“, “Сүрлемдеу барысындағы қателіктер” және “Сүрлемді дұрыс жабу”  атты жаднамаларында оқи аласыздар.

Уве Веддиге

Фото: Веддиге