Сүт өндіру саласындағы біліктілікті арттыру үшін «Байсерке-Агро» оқу — өндірістік орталығының базасында неміс моделі бойынша «сүт орталығын» құру жоспарлануда.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің, «Байсерке-Агро» компаниясы мен Қазақ агротехникалық университетінің өкілдері Германияның солтүстігінде жұмыс сапарында. Сапар бағдарламасы Уве Веддигенің жетекшілігімен KFM қазақстандық-германдық «сүт»жобасы аясында ұйымдастырылды.
Қазақ делегациясы Аренсбургтегі Денис Фелкердің консультациялық бюросына, Блэкендорфтағы Футтеркамп оқу-тәжірибе орталығына (LVZ) және Эхемдегі аграрлық білім беру орталығына (LBZ) барып, консультациялық және оқу орталықтарының міндеттерімен танысты.
Сүт өндірушілерге жұмысты орындайтын көптеген білікті жұмысшылар қажет. Азықтандыру, сауу, тұяқ күтімі немесе табынды басқару болсын — тапсырмалар әртүрлі және күрделі.
Алматыда құрылады деп жоспарланған орталық білікті кадрлардың жетіспеушілігі мәселесін шешуге, жаңа және жұмыс істеп тұрған сүт фермалары қызметкерлерінің құзыреттілігін арттыруға, сондай-ақ жастарды сүт өндірісі саласындағы жұмысқа тартуға көмектеседі.
Светлана Пучкова және Уве Веддиге
Фото: Уве Веддиге