Қазақстандық қораларда мал суаратын қондырғылардың саны жиі жеткіліксіз болады, өйткені көптеген жобалаушылар аязда қатып қаладау деген жерлерде ондай қондырғыларды орнатпайды. Жылы күндері бұл су ішетін жерлерде тым көп сиырлар жиналып тұрады, соңында әлсіз жануарлар шөлін қандыра алмай қала береді.

1-кеңес: қондырғыларды жеткілікті мөлшерде орнатыңыздар! Бір қондырғы ең көбі 20 сиырға есептелуі керек. Бір сиырға қондырғының ұзындығынан 10 см ден жоспарлануы керек. Қорадағы мал суаратын қондырғылар санын есептеңіздер. Олардың саны мен көлемі сиырлардың санына сәйкес келе ме?

2-кеңес: судың ағыны өте маңызды. Әсіресе, қондырғының қасындағы орындардың жетіспеушілігі жағдайында, қондырғыға судың тез ағуы сиырлар әлі су ішіп жатқанда оларды қайта толтыру үшін өте маңызды. Әр қондырғыдағы су ағыны кем дегенде 20 л/мин болуын қамтамасыз етіңіздер.

3-кеңес: тазалыққа назар аударыңыздар! Барлық мал суаратын қондырғыларды күніне бір рет щеткамен тазалау міндетті шарт болып табылады. Әсіресе жылы күндері бактериялар көбейетін пленкалардың пайда болу қаупі артады.

Толығырақ ақпаратты KFM жобасының “Сумен қамтамасыз ету” және “Малға беретін судың сапасын қамтамасыз ету” жадынамаларынан таба аласыздар.

Уве Веддиге

Фото: KFM