Су – бұзау өсірудің жиі назардан тыс қалатын аспектісі. Зерттеулер көрсеткендей, көптеген фермалар бұзауларға өте кеш кезеңдерде ғана су береді. Алайда, сарапшылардың көпшілігі өмірдің бірінші күнінен бастап бұзауларға жеткілікті су беру керек деп бірауыздан келіседі.
Бұл шара месқарынның дамуын жақсартудың ең қарапайым және үнемді стратегияларының бірі болып табылады және осылайша бұзауларды емшектен жеңіл айырууға дайындайды.
- Стартерді жеуді жақсартады: суды қалаған кезінде еркін іше алатын бұзаулар бастапқы жемді көбірек тұтынады және тезірек өсе бастайды.
- Месқарынның дамуын жақсарту: бұзау жұтқан сүт ұлтабарға кетеді. Екінші жағынан, бұзаулар су ішкенде, ол месқарынға түсіп, бұзауларға арналған стартердің ашыуына ықпал етеді, бұл өз кезегінде месқарынның дамуына жақсы әсер етеді.
Тәжірибиелік кеңестер
Бөлек шелектер: сүт шелектерінің әрқашан емізігі болады, ал су шелектерінің үсті ашық. Азық берілетін шелектер жемшөп суға түспеуі үшін су шелектерінен бөлек болуы керек.
Тазалау: таза шелектер дене салмағының күнделікті өсуіне ықпал ететіні дәлелденген, шелектерді күніне екі рет тазалау ұсынылады.
Судың сапасы: судағы минералдардың көп болуы, микробтармен және қоршаған ортадағы заттармен ластануы, сондай-ақ оның ішіндегі қатты заттардың болуы бұзаулардың азық тұтынуын азайтады, месқарынның дамуына кедергі жасайды және осылайша денсаулықты нашарлатады.
Уве Веддиге
Фото: Веддиге