Сауу жүйелерін жоспарлы тексеру кезінде тозған емізік рәзенкелері кездесіп жатады. Олар желіннің денсаулығына қауіп төндіреді!
Материал тозып тұрақсыз болғандықтан кластер жоғары көтеріліп кетеді. Осының салдарынан емшек түбі қысылып қалады. Егер резеңкеде қандай да болса жарықшақтар болса, желін терісі қысылып қалады. Екеуі де сиырларға ауыр тиеді, сондықтан емізік резеңкесі зақымдалған аппаратпен кейбір сиырларды толығымен сауу мүмкін емес.
Сауу жүйесінің резеңке бөлшектеріндегі жарықшақтар әрқашан желіннің гигиенасы мен денсаулығына қауіп төндіреді. Емізік резеңкесінің өзегіндегі жарықшақтар әсіресе қауіпті. Олар арқылы сүт пульсациялық камераға түседі және бактериялар мен басқа микробтар үшін оңтайлы көректік алаңы болып табылады.
Сауу және тазалау процесі материалды тоздырады, ол кедір-бұдырлы және осал болады. Микрожарықшақтар пайда болады, әсіресе резеңке өзегінде. Сондықтан өндірушілер қара рәзеңкелерді 2500 сауудан кейін, ал силикон рәзенкелерді 5000 сауудан кейін ауыстыруды ұсынады. Басқа өндірушілер 750 немесе 1500 сағат жұмыс істегеннен кейін ауыстыруға кеңес береді. Ақауларды тез анықтап, оларды жою үшін сауу жүйесінің барлық резеңке бөлшектерін айына кемінде бір рет мұқият тексеру қажет.
Тозған, кеуекті немесе ескі рәзенкелер желіннің денсаулығына үлкен қауіп төндіреді. Гигиеналық мәселелерден басқа, икемділіктің төмендеуі желінге ауыр тиеді және сауу жылдамдығының төмендеуіне әкеледі.
Уве Веддиге
Фото: Веддиге