Жемді жоғары және тұрақты көлемде тұтыну сиырды қоректік заттармен қамтамасыз ету үшін, демек оның денсаулығы мен беретін сүт мөлшері үшін өте маңызды. Желінетін жемшөптің әр килограмы маңызды! Әсіресе лактацияның басында жемді тым аз тұтыну және осымен байланысты болған энергия тапшылығы метаболизмнің бұзылуын және репродуктивтік проблемалар тұдырады.
Әсіресе жаздың жылы айларында жемшөп аз желінетіндігінің шешуші себебі оның жылып кетуі болып табылады. Зерттеулер көрсеткендей, жылып кеткен жемшөпті сиырлар 13% дейін аз жейді.
Жылып кеткен жемшөп/сүрлем энергияның жоғалуына және қорытудың төмендеуіне апарады. Мұның салдарлары – желіннің қабынуы, кетоз, диарея, құнарлылық проблемалары және өнімділіктің төмендеуі.
Жемшөптің жылып кетуі негізінен ашытқыдан туындайды. Ауа оттегімен байланыс олардың тез көбеюіне әкеледі, жемшөп өте қысқа мерзімде жылууы мүмкін. Астаудағы/жемшөп үстеліндегі және араластырғыштағы қалдықтар олардың қызуын тездетеді. Әсіресе сүт қышқылын ыдырататын және осылайша РН мәнінің жоғарылататын ашытқы зиян. Нәтижесінде сүрлем көгере бастайды.
Не істеуге болады?
- Жемшөп араластырғышын әрқашан толығымен босатыңыз.
- Жемшөп үстелін таза ұстаңыз.
- Жемшөп салынатын жердегі кедір-бұдырлы бетонның үстін тегістеңіз.
- Күніне екі рет азықтандырыңыз.
- Траншеядан сүрлемді алғанда аптасына кемінде 3 метрге дейін алып отырыңыз.
- Сүрлемнің кесіліп алған жері тегіс және біркелкі болуын қадағалаңыз.
Уве Веддиге
Фото: Веддиге