Сиыр жататын жер – қорадағы ең маңызды орындардың бірі. Бұл саланы дұрыс басқару сиыр ұстаудың ыңғайлылығын едәуір арттыра алады.
Жақсы орынның басты және негізгісі – оның үсті, ол органикалық төсеніш материалдарының арқасында әрдайым құрғақ және ылғалды сіңіретіндей болуы керек. Төсеніштегі дезинфекциялау материалдары РН көрсеткіштеріне байланысты микробтардың азаюын қамтамасыз етеді. Сиырлар күніне 12-14 сағат уақытын жатып өткізетін болғандықтан, төсеніш материалы желін мен емізік терісіне зақым келтірмейтіндей болуы қажет.
Сиыр тұрып-жататын орынға жақсы күтім жасау сауу кезінде патогендік микробтардың таралу қаупін айтарлықтай төмендетеді және әсіресе сиырлардың аяқтары мен желіндерін таза ұстауға мүмкіндік береді.
Әр бокстың үш сипаттамасы болуы керек:
- тазалық,
- құрғақтық,
- жұмсақтық пен иілімдік.
Терең бокстар үшін матрастың ойластырылған дизайны өте маңызды. Бокстағы матрас неғұрлым қалың және тұрақты болса, сиырдың жайлылығы мен әл-ауқаты соғұрлым жоғары болады. Қалай болғанда да, ылғалды ұстап тұру және микробтардың колонизациясын азайту үшін гигиеналық қабат пайдалы болады. Сондықтан сабан,әк пен су қосындысы жиі қолданылады.
Терең бокс матрасынан айырмашылығы, биік бокстың беті тек резеңке төсеніштен тұрады. Сондықтан ылғалды сіңіру үшін ұсақталған сабан немесе ұсақталған сабан мен әк қоспасы сияқты төсеніш материалдарын салу қажет.
Уве Веддиге
Фото: KFM